{metadescription}
Оралда аязда қалғандардың  саусақтары мен башпайларын кесуге тура келді
Оралда аязда қалғандардың  саусақтары мен башпайларын кесуге тура келді

Оралда аязда қалғандардың саусақтары мен башпайларын кесуге тура келді

Қатал қыс жұртты қыспаққа алды. Оралда үскірік аяздан бір тәуліктің өзінде 25 адамның қол-аяғы үсіп қалған. Басым бөлігіне ота жасап, саусақтары мен башпайларын кесіп тастауға тура келді.

Ауруханаға күнделікті бірнеше адам осындай медициналық көмек сұрап келеді екен. Уақытында мамандардың тексерісінен өткендіктен олардың үсік шалған қол-аяғын сақтап қалуға болады. Бірақ үйсіз-күйсіз жүрген жандардың жағдайы ауыр. Сондықтан дәрігерлер суықта көп жүрмеуді ескертуде. Күн қазір еліміздің өзге өңірлерінде де қатты суып кетті. Астана мен Өскеменде ауа температурасы күрт суығандықтан мектептегі сабақтар тоқтатылған. Ал Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Қызылорда облыстарында бірқатар тасжолдарда қозғалыс шектелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде