{metadescription}
Назарбаев Жолдауды құр насихатқа айналдырмауды талап етті
Назарбаев Жолдауды құр насихатқа айналдырмауды талап етті

Назарбаев Жолдауды құр насихатқа айналдырмауды талап етті

Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауын халыққа қалай түсіндіру керектігін айтты. Президент елдің басты стратегиялық құжатын насихаттап қана қоймай, тездетіп іске кірісуді талап етті.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев әрі Нұр Отанның көшбасшысы, партиядағы бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті Ақордаға шақыртты. Себебі «Нұрлы жол» бағдарламасында айтылған негізгі міндеттер яғни жаппай жол төсеп,  баспана салу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету секілді тағы басқа ауқымды  жұмыстардың жер-жерде жүзеге асуын Нұр Отан бақылауға алып жатыр.  Осындай ірі жобаларға бюджеттен миллиардтап қаржы бөлінетінін ескерсек, оның әр тиынының жұмсалуын билік партиясы кірпік қақпай қадағалуы тиіс.  Президент аузынан шыққан әр сөзді жазып алып отырған Бауыржан Байбекке, «Нұрлы жолды» құр насихатқа айналдырмауға пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Насихаттау деген құр әншейін айта беру деген сөз емес.  Көп жағдай жасайтын боламыз. Нақты. Елге керегі сол. Осыған біздің бүкіл партиямыз көңіл аударсын. Осыменен шұғылдансын. Саяси жағдайлар өз алдына,нақты осы экономика арқылы халықтың әл уақытын жақсартуға жұмыс істеу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде