{metadescription}
Атыраудан қуылған Қытай азаматтарының  шекарадан қалай өткені таңданыс туғызды
Атыраудан қуылған Қытай азаматтарының  шекарадан қалай өткені таңданыс туғызды

Атыраудан қуылған Қытай азаматтарының шекарадан қалай өткені таңданыс туғызды

Атырауда көші-қон заңын өрескел бұзған 40-қа жуық Қытай азаматы ұсталды. Алды елімізге 3 ай бұрын келген олар еш жерден тіркеуден өтпепті. Барлығы хош иісті көмірсутек шығаратын кешенді салып жатқан қытайлық «СИНОПЕК» компаниясында жұмыс істеген. Ал тұрып жатқан жерлерінде санитарлық норма туралы сөз қозғаудың өзі артық. Қаңғыбастың күйін кешкен қырық қытай енді елдеріне қайтарылмақ.

Мынау – қала шетіндегі ескі ғимараттың екінші қабаты. Күлімсі иіс сасыған қуықтай бөлмелерде 7-8 адамнан тұрып жатыр. Бұлар – әрқайсысы 100-150 мың теңге айлық алып келген Қытай азаматтары. Барлығы ертең елдеріне қайтарылмақ. Себебі, барлығының Қазақстан аумағында жұмыс істеуіне рұқсаты жоқ.

-Мұнда 3 ай бұрын келдім. «СИНОПЕК-ке» карасты мердігер компаниялардың бірінде аспаз болып жұмыс істедім. Бізді осында алып келген басшымыз ештеңе айтпастан Қытайға кетіп қалыпты. Құжаттарымыз соның қолында болатын. Ақша да, құжат та жоқ енді.

Бірақ қытайлықтардың жайбарақат түрлеріне қарағанда, құжатсыз, қаражатсыз қалса да, елдеріне қайтуға асықпайтын сыңайлы. Өйткені заттарын жинамастан қамсыз жүр. Десе де бұлар ертең Атыраудан Алматыға, одан әрі Қытайға жол жүрулері тиіс.

Жалғас Кейкешев, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі:

-38 Қытай республикасының азаматы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін өздерінің елдеріне қайтарылады. Және олар 5 жыл бойына ҚР аумағына кіруге оларға тыйым салынады.

Бір қызығы, құқық қорғау органдары мұншама шетелдіктің қазақ шекарасын құжатсыз қалай кесіп өткенін түсінідіріп бере алмады.

-Қытайлықтардың Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында салынып жатқан хош иісті көмірсутек шығаратын кешен құрылысына көптеп тартылуы бекер емес. Себебі, жалпы құны 1 миллиард  40 миллион  доллар тұратын бұл кешеннің бас мердігері – қытайлық «СИНОПЕК инжиниринг» компаниясы. Қандастарын осы уақытқа дейін қыруар қаражатпен қамтамасыз еткен СИНОПЕК басшылығы бұл жолы да 38 жерлесін жерде қалдырмады. Олардың қайтар жолына билет алып әрі жол-пұл үшін қалталарына қаражат салып бермек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.