{metadescription}
Депутаттар жүргізушілердің тағы  ақы төлеуіне  қарсы шықты
Депутаттар жүргізушілердің тағы  ақы төлеуіне  қарсы шықты

Депутаттар жүргізушілердің тағы ақы төлеуіне қарсы шықты

Елімізде екінші дәрежелі жолдар да ақылы болады. Үкімет 12 тоннадан артық тауар тиеген жүк көліктерінен жүріп-тұрғаны үшін мемлекетке ақы төлеуді талап етпек. Сөйтіп, түскен қаржыны жөндеу жұмыстарына жұмсалмақшы. Бірақ, депутаттар шенеуніктердің бұл жоспарына күмәнмен қарап отыр.

Жолда жүргені үшін жолаушыдан ақы алу ел тәжірибесінде бар. Қазір Астана-Щучинск бағытында жұрт ақылы қатынайды. Одан түсіп жатқан табыс та жаман емес. Депутаттар сол қыруар қаржының қайда кетіп жатқанына алаңдаулы.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаы:

-Әр сенбі, жексенбі сайын Бурабайға жолым түседі. Өзім көлік жүргіземін. Көзіммен көргенім, бірнеше жолақ үшін бір адам қызмет етуде. Ол отырып алып жұрттан қолма-қол ақша жинауда. Менен 200, тағы біреуден 40-60 теңге алды. Бұны қалай түсіндіресіз?

Вице-министрдің бұған жауабы дайын екен. Айтуынша, жол бойындағы құрылғылар шетінен істен шығып қалыпты. Жеңіс Қасымбек жақын күндері дереу жөндейміз деді де асыға болашақтағы жоспарларына ауысты. Министрлік Астана мен аймақтарды байланыстыратын құны 2 жарым трлн. теңге болатын 12 жобаны дайындап жатыр екен. Жане 7 жарым мың шақырым жол жөнделмек. Мұны естіген, мәжілісмендер сол жаңадан салынатын жолдар үшін жарияланатын тендерлердің де талабына күмән келтіріп отыр.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Тендердің комиссиясы қайда қарап отыр? 30 пайызға дейін жеңілдік ұсынған компанияларға қатысты менде мынадай сұрақ бар: сіздер жолдың сапасына, құрылысына белгілі бір талап қоятын шығарсыздар? Бірден 30 пайыз жеңілдік жасайтын, өте  арзан қызметтің сапасы қандай болатынын ойладыңыздар ма? 

Үкіметке тек депутаттар емес, жүк тасымалдаушылардың да өкпесі қара қазандай екен. Шенеуніктер Кеден Одағының жаңа талабын игере алмай жатыр, ал оның кесірі жүктасымалдаушыларға тиюде дейді.

Теодор Капал, Қазақстандағы халықаралық автомобильді жүк тасымалы одағының Бас хатшысы:  

-Шенеуніктер жұмыс істей алмай жатыр. Біреуін қабырғаға қадап қою керек шығар.

Вице-министр бұл мәселені де шешеміз деп құтылды. Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек «Батыс-Еуропа-Батыс Қытай» жобасы жақында аяқталатынын жеткізді. Қазір Шымкент, Жамбыл облысындағы аумақ  толық ашылыпты. Сөйтіп, жүктасымалы 3 есеге артқан. Шенеуніктер қазынаның қаржысын үнемдеу үшін еліміздегі екінші дәрежелі жолдарды да ақылы етпек екен. Бұдан бұлай 12 тоннадан артық тауар тиеген жүккөліктері мемлекетке ақша төлейтін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде