{metadescription}
Петропавлда жол туралы жаңа заң сотталған әйелдерге жаңа жұмыс тауып берді
Петропавлда жол туралы жаңа заң сотталған әйелдерге жаңа жұмыс тауып берді

Петропавлда жол туралы жаңа заң сотталған әйелдерге жаңа жұмыс тауып берді

Петропавлдағы ЕС 164/6 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер жол ережелеріне енгізілген өзгерістердің арқасында жаңа жұмыс тапты. Оларға балаларды көлікте алып жүруге арналған құрылғыны тігу ісі жүктеліпті.

Түрме әкімшілігіне мұндай ұсынысты қаладағы жеке кәсіпкерлердің бірі жасаған. Осы арнайы құрылғының нобайын ол ресейліктерден көрген екен. Алайда көрші елде рубль құлдыраса да, бұл тауардың нарықтағы бағасы түрмеде тігілгеннен үш есе қымбат. Жол апаты кезінде баланың мойын омыртқасы мен және ішкі ағзасын қорғайтын құрылғының құны көрші елде біздің ақшамен 2 мың теңгеге дейін барады екен. Ал түрмеде тігілген мына тауар небәрі 800 теңгеден сатылмақ. Жаңа цех ашылғалы мұнда жұмыс істеймін деген әйелдер көбейген. Алайда колония әкімшілігі бұл жерге тігіншілікті меңгерген және соттың шешіміне сай жәбірленушіге қарызы бар адамдарды таңдапты. Қазір мұнда он шақты жазасын өтеуші жұмыс істейді. Оларға айына 21 мың теңге жалақы тағайындалған.

Айқын Бәженов, ЕС 164/6 түзеу мекемесі бастығының орынбасары:

-Осында тапқан еңбекақыларымен осы мекемедегі дүкенде өзіне керек -жарақтарын  алады және өздерінің тапқан табыстарын туысқандарына сәлемдемемен жіберуге болады. Сол себепті сотталғандардың көбі осы жұмысқа орналасуға ынталылар көп.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде