{metadescription}
Атақты дивизияның туы облыстарды аралауға шықты
Атақты дивизияның туы облыстарды аралауға шықты

Атақты дивизияның туы облыстарды аралауға шықты

Ер есімі  - ел есінде! Атақты 72-ші Ақмола дивизиясының жауынгерлік туы Қазақстан қалаларын аралауға шықты. Бүгін Астанада Ұлттық Ұлан сарбаздары сол байрақтың көшірмесін әскери-патриоттық эстафета кезінде Қарағанды қаласына шығарып салды.

Бұл жауынгерлік тудың түпнұсқасы Волгоградтан Астанаға осыдан 3 жыл бұрын жеткізілген болатын. Содан бері мемлекеттің ерекше қарауындағы байрақ ірі салтанатты ресми жиындарға ғана арнайы рұқсатпен шығарылады. Бүгін Ұлттық Ұлан сарбаздары еліміздің 25 қаласын аралауға осы тудың көшірмесін алып шықты. Ал, эстафета соңында ол Астанаға қайта оралып, әскери шерудегі құрмет белгілерінің біріне айналмақ. Ал, тумен бірге бүгін Қазақстан қалаларын аралауға соғыс ардагерлері де аттанды. Жеңіс эстафетасы 3-ші ақпан мен 5-ші мамыр аралығында өткізіліп, оған Ұлттық ұланның құрылымдық әскери бөлімдері, ардагерлер ұйымдары қатысатын болады.

Саирдин Еміров, ҚР Ұлттық Ұланның Бас басқармасының бастығы:

-Мемлекет қауіпсіздігін қамтамамасыз ететін Ұлттық Ұлан сарбаздары қашанда ата-балаларының осындай өнегелі істерінен үлгі алады. Өздеріңіз білесіздер, 72-ші дивизия осы Ақмола жерінде жасақталған. Бұл туды көтеріп, аталарамыз қан майданға кірді. Қазіргі ұрпақтың парызы – осы мұраны қадірлеу, қастерлеу. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде