{metadescription}
Үкімет  соғыс ардагерлерін қаржылай демеу үшін 5,5 миллиард бөлді
Үкімет  соғыс ардагерлерін қаржылай демеу үшін 5,5 миллиард бөлді

Үкімет соғыс ардагерлерін қаржылай демеу үшін 5,5 миллиард бөлді

Үкімет Жеңістің 70 жылдығына орай қатары сиреген соғыс ардагерлеріне 100 мың теңгеден таратпақ. Бұл үшін бюджеттен 5 жарым миллиард теңге бөлініп қойған.

Алайда, 100 мың теңге бәріне бірдей бұйырмайды. Қаражат тек қан майданның ортасында болғандарға беріледі. Ал, Жеңіске үлес қосқандар мен соған теңестірілгендерге 70 мың теңгеден бөлінсе, соғыста қаза тапқандардың зайыбына 30 мыңнан үлестірілмекші. Дәл осындай ақша Ленинград шайқасын көзбен көргендерге де таратылады. Сонымен қатар  фашистердің концлагерінде азап шеккен тұтқындар 30 мың, тыл еңбеккерлері 25 мыңнан алады. Қарттарды қаржыдан облыстық әкімдіктерде  тарықтырмауы тиіс. Қарияларға Астана мен Мәскеуде өтетін Жеңістің  70 жылдығына арналған дүбірлі шеруге қатысуға жолдама берілмек. Бүгінде елімізде 5 мыңнан астам соғыс ардагері бар. Олардың 400-і әлі күнге дейін баспанасыз жүр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде