{metadescription}
Ақтөбеде оқушысын  ұрып ауруханадан бір  шығарған  мұғалім мәлімдеме жасады
Ақтөбеде оқушысын  ұрып ауруханадан бір  шығарған  мұғалім мәлімдеме жасады

Ақтөбеде оқушысын ұрып ауруханадан бір шығарған мұғалім мәлімдеме жасады

Ақтөбеде парта үшін мұғалім оқушысына қол көтерген.  Сыныптағы мүлікті әкетпек болған география пәнінің мұғаліміне қарсылық білдірген 12  жасар Темірлан Ізбасаров қазір миы шайқалып, ауруханада жатыр. Ұстазы да арада кәдімгідей ерегіс болғанын мойындады. Мұғалімнің бұл қылығын мектеп басшысы да құптады. Айтуынша, таяқ жеген оқушы тәртібі қиын балалар тізімінде екен. Істің ақ-қарасын енді полиция тексеріп жатыр.

Мұғалімінен таяқ жеген Темірлан қазір ауруханада. География пәнінен сабақ беретін апайы 6 күн бұрын мәжіліс залында өтетін жиналысқа орындық іздепті. Үзіліс кезінде көрші сыныптан парта алып кетпек болған екен. Бірақ бұған оқушы қарсы шығыпты.

Темірлан Ізбасаров, №51 мектеп-гимназияның оқушысы:

-Біздің өзімізде парта жетпейді. Өзіміз бір партаға үш баладан отырамыз. Мен ол апайға айттым. Бізге парта жетпейді деп. Сосын ол апай  ұра бастады. Өзім білем ғой деп.

Мұғалімінің тоқпағынан соң Темірланның басы айналып, лоқсыпты. Сөйтіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Оқушының миы шайқалған дейді дәрігерлер.

Самат Көкшібаев, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

-Басынан жабық жарақат алған, миы шайқалған. Қазір жағдайы қалыпты. Ауруханадан шыққан соң тұрғылықты жері бойынша невропатологтың бақылауында болады.

Алтыншы сынып оқушысын ұрған мына ұстаз. Гүлдәурен Нағымет қазір мектепте сабағын беріп жүр. 12 жасар Темірланға қол көтергенін ол жасырған жоқ.

Гүлдәурен Нағымет, №51 мектеп-гимназияның мұғалімі:

-Мен оның  отырған партасын  алғалы тұрмағанымды айттым.  «Әй, сен неге маған қарсы сөйлейсің, мен сенің мұғалімің емеспін бе?» дедім. «Қарсыласып сөйлеме» дедім де, басынан жайлап түртіп жібердім. «Зақым алатындай болған жоқ» деп ойлаймын.

Мектеп директоры оқиғаны өз көзімен көрмесе де, қызметкерін ақтап әлек. Темірланды сотқарлардың қатарына қосып қойыпты. Тіпті оның соққы алып ауруханаға түскенін де жалған деп отыр.

Әлия Бегімова, №51 мектеп-гимназияның директоры:

-Өтірік айтып отыр. Бала миы шайқалатындай жағдайға түскен жоқ. Тиіп кеткен шығар қолы. Нұқып неткен шығар. Бала қарсыласып тұрса, шаптығып тұрса не айтасыз? Тентек, тентек, тентек бала.

Қазір осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, тексерулерін жалғастырып жатыр. Парта үшін таяқ жеген оқушының ата-анасы тек география пәні мұғалімін ғана емес, мектеп директорының  да жазаланғанын қалайды. Тәртіпке салғырт қарағаны үшін білім бөліміне де осы талабын айтқан. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.