{metadescription}
Семейде екі кәсіпкердің жанжалы кесірінен қаланы қоқыс басты
Семейде екі кәсіпкердің жанжалы кесірінен қаланы қоқыс басты

Семейде екі кәсіпкердің жанжалы кесірінен қаланы қоқыс басты

Семейді қоқыс басты. Тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жәшіктер мен контейнерлер лық толы. Ал тазалықты қамтамасыз етуді мойнына алған кәсіпкер болса, барлығына қаладағы жалғыз қоқыс полигонының қожайынын кінәлауда. Себебі ол қалдық тиелген көліктерді кіргізбей тастаған. Салдарынан бір аптадан бері аулаларда тұрмыс қалдықтары шашылған қалпы жатыр.

Семейдегі қоқыс жинайтын осындай контейнерлер шетінен асып, шашылып жатыр. Маңында қаңғыған ит-құс қаптап жүр. Бұған қоқыс шығаруға жауапты мекемелердің өзара теке-тіресі себеп.

Төлеутай Қапанқызы, Семей қаласының тұрғыны:

-Даудың кесірінен осындайға тап болып тұрмыз енді. Соған кішкене тарт дейтін, дұрыс сөйлейтін кісі керек пе? Басшылық, қалалық әкімшілік болсын, ешкімнің күйі келмей ме?

Қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпкер барлығына шаһардағы жалғыз полигон иесін кінәлап отыр. Айтуынша, ол еш түсініксіз қоқыс тиелген көліктерді кіргізбей тастаған.

Семейхан Жақыпов, кәсіпкер:

-Біздің көліктер полигонға барса, бітті қақпа жабылады. Оның иесі де қоқыс шығарумен айналысады. Осылайша, бәсекелесін жойғысы келеді. Ал жиналған қоқысты қайда жібереміз енді?

Ал қаладағы жалғыз қалдықтар полигонының иесі заңнан аттап баспадым деп азар да безер. Сөзіне сенсек, дау көтерген кәсіпкер келісім-шарттағы талаптарды өзі орындамапты. Тіпті, бұл мәселе әкімдіктегілердің пәрменімен қозғалды деген күдікте.

Рафаил Хазипов, кәсіпкер:

-Біз тек тұрғындардың қоқысын қабылдауға уағдаластық. Ал ол болса кәсіпорындардың қалдықтарын әкелді. Меніңше, бұны әкімдіктегілер істеп отыр. Себебі бұған дейін мен бірнеше рет олармен соттасып, жеңіп шыққанмын.

Әкімдіктегілер қоқыс үшін дауласып жатқан мекемелердің арасына түсуге хақымыз жоқ деп отыр. Тек мәселені сот арқылы шешу керек деген кеңес берумен шектелді. Ал тығырыққа тірелген кәсіпкерлер прокуратураға шағым түсірді. Қазірде құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын бастап кеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.