{metadescription}
Тайваньда  жолаушылар ұшағының  құлап бара жатқан сәті  камераға түсіп қалды
Тайваньда  жолаушылар ұшағының  құлап бара жатқан сәті  камераға түсіп қалды

Тайваньда жолаушылар ұшағының құлап бара жатқан сәті камераға түсіп қалды

Тайвань астанасында жолаушы толы ұшақ қаланың қақ ортасына құлады. Бірақ жердегілер зардап шеккен жоқ. Әуе кемесі тұрғын үйлерден өтіп барып, шаһарды жарып ағатын Цзилун өзеніне түскен. Ұшақ бортында барлығы 5 экипаж мүшесі мен 53 адам болыпты. Соңғы мәлімет бойынша, апат салдарынан қаза тапқандардың саны 20-дан асқан.

Ұшақтың құлаған сәті сол маңнан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалыпты. Онда ұшақтың тұмсығын төмен бағыттаған күйі құлдилап келе жатқаны анық байқалады. Әуе кемесі Тайбэй әуежайынан көтеріліп бара жатқанда, құйрық жағы көпірді іліп әкеткен екен. Тұрғын үйлерден аман өтіп, одан әрі автокөлік жолына қанатын ілдірген ұшақ дәл өзеннің үстіне түсті. Апаттан 23 адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Дегенмен, бұл сан әлде де өзгеруі мүмкін. Себебі, ұшақтың ішінде қалған адамдардың хәлі белгісіз. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.