{metadescription}
Полицейлер күдіктілерді ұстау кезінде «Миранда ережесін» оқи бастады
Полицейлер күдіктілерді ұстау кезінде «Миранда ережесін» оқи бастады

Полицейлер күдіктілерді ұстау кезінде «Миранда ережесін» оқи бастады

Еліміздің полицейлері әйгілі «Миранда ережесін» қолдана бастады. 1-ші қаңтардан күшіне енген жаңа қылмыстық кодекске сай, тәртіп сақшылары  күдіктінің қолына кісен салмас бұрын оның конституциялық құқығын оқып беруге міндетті. Егер ұмытып кетсе, тұтқындау заңсыз деп танылып Ішкі Істер қызметкерінің өзі жауапқа тартылады. Бұған дейін Голливуд фильмдерінен естіп келген сөздерді отандық полицейлердің қалай айтып жүргенін тілшіміз Гүлнұр Имандосва көріп келді.

«Миранда  ережесін» біздің полицейлер осыған дейін тек Голливуд киноларынан көрген. Енді оны өздері жатқа соғып жүр. 1-ші қаңтардан бастап заңмен бекітілген жаңа талапты қарамағындағыларға басшылары күнде түсіндіреді.

-Сіздің үнсіздік танытуыңызға  құқығыңыз  бар. Адвокатқа жүгінуге  қақыңыз бар. Осы жерде айтылған нәрсе ертең сотта сіздерге қарсы қолданылады. Түсіндіңіздер ме?

Негізі бұл ширек ғасыр бұрын Америкада заңдастырылған тәртіп. Осы конституциялық құқығын оқып бермегені үшін қандықол қылмыскер Эрнесто Миранда ауыр жазадан құтылып кете жаздаған. Бұдан-былай еліміздің  тәртіп сақшылары да күдіктіге «Миранда ережесін» оқуды ұмытып кетсе, тұтқындау заңсыз деп саналады. Тіпті полицейдің өзі жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ибрагим Әлкенов, Астана қалалық  ІІД тергеушісі:

-Егер ұсталған адам қазақша не орысша түсінбейтін болса, онда оған аудармашы арқылы түсіндіріледі. Не қорғаушының қатысуымен сезікті ретінде жауап алудың алдында түсіндіріледі. Және осы жайлы  хаттамаға енгізіліп, көрсетіледі.

Сондықтан полицейлер ережені қысқа да нұсқа, әрі түсінікті етіп жеткізу үшін барын салуда. Яғни, адам өлтірген қаскөйге , ұры мен ұсақ бұзақылық жасағандардың бәріне заңды құқықтарын оқып беру міндет. Яғни күдіктіні ұстау кезінде, адвокатсыз сөйлемеуге, түсініктеме бермеуге, әйтпесе, айтқандары сотта өзіне қарсы қолданылатынын ескертуі қажет. Сондай-ақ, сезіктінің туыстарының біріне телефон соға алатынын айтуы керек.

Полицейлер бұл ережені 1-ші қаңтардан қолданып, жаттап жүргендерін тілшілерге де көрсеткісі келгендей. Үй тонамақ болды деген ақпаратты ести сала мына жігіттерді ұстауға келді. Мұнда да «Миранда ережесін»  айтуды ұмытқан жоқ.

-Сөйлемеуге құқыңыз бар. Қазір айтқаныңыз ертең сотта өзіңізге қарсы қолданылуы мүмкін. Түсінікті ме?

Америкадан араға ширек ғасыр салып барып көшірілген бұл талапты депутаттар да қолдап отыр.

Талғат Ерғалиев, Мәжіліс депутаты:

-Әр азамат өзінің құқығын білмейді. Білсе де толық ақпарат жоқ. Сондықтан Ішкі Істер министрлігінің қызметкері оның міндетін айтқан маңызды.

«Миранда ережесінің» қолданыла бастағанына бір айдан асты. Оны тәртіп сақшылары ұмытып кетсе, істі болғандар қолына кісен салынбас бұрын сол ереженің оқылуын талап етуге толық құқы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.