{metadescription}
Өскеменде қаңғыбас иттер адамдарға шабуда
Өскеменде қаңғыбас иттер адамдарға шабуда

Өскеменде қаңғыбас иттер адамдарға шабуда

Өскеменде қаңғыбас иттер қаптап кетті. Қаланың шет жағында үйір болып көше кезетін олар адам мен үйдегі ит, мысықтарға шабады екен. Қаладағы травматологиялық бөлімшелерге осылай ит қапқан 70-тен астам адам түскен. Дәрігерлер әрқайсына құтырма ауруының алдын алу үшін екпе салуда. Ал, жабайы иттерді аулаумен айналысатын мекеме қызметкерлері жұмысымызды артығымен орындап қойдық деп отыр. Айтуларынша, енді қауіптенетіндей қалада қаңғыбас иттер қалмаған.

Бұл үйшікте  ит байлаулы тұрған. Енді қарғыбауы ғана қалыпты. Қожайынның айтуынша, түнде 8 жабайы ит кіріп кетіп, жұлмалап жеп қойған. Қайта құдай сақтап сол кезде адамдар үй ішінде болыпты.

-Дүкенге далаға шықсақ, қолымызға тас таяқ ұстап жүретін болдық.

Жабайы иттер әсіресе жер үйлердің арасында өріп жүр. Оларды енді адамның досы деуге келмес. Тұрғындарға шауып, үйдегі иттерді жеген олар қасқырдың үйіріндей.

Галина Кузнецова: Өскемен қаласының тұрғыны:

- Барлық көшелердегі жағдай осы. Қаңғыған иттер, үйдегі иттерді ғана емес, мысықты да жеп жатыр. Түнде үріп жатқандарын естисің Таңертең қарасаң айналаның бәрі қан болып жатады.

Емханаға бір айда ғана жабайы ит қапқан 70-тен астам адам түскен. Зардап шеккендердің әрқайсысына құтырманың алу үшін екпе салынып жатыр. Десе де, жағдай ушыға беретін болса, дәрі бәріне бірдей жетпейді дейді дәрігерлер.

Лариса Попова, дәрігер:

-Егер адам құтырма ауыруына шалдықса оны емдеу мүмкін емес. Тек екпе салып алдын алуға болады. Сондықтан жабайы иттердің көзін жою керек.

Ал жауаптылар болса, жабайы иттерді аулап жатырмыз дейді. Ол үшін қалалық бюджеттен жылына 9 миллион теңге бөлінеді екен. Бірақ бүгін ит атуға шыққандардың бір мылтығынан басқа қаруы болған жоқ.

Заманбек Серікбаев, Өскемен қалалық әкімдігінің бөлім басшысы:

-4 қосымша бригада шығады. Сосын шақыртумен жұмыс істейтіндер бар. Олар күніне 30-25 ит атады. Сонда да қиындықтар бар.

Шенділер алдағы аптада адамға шабатын ит қалмайды деп сендіріп отыр. Тек, оған дейін тұрғындарды сақ болуға шақырды.Екі жыл бұрын осындай иттер ер адамды талап тастаған. Сау тамтығы жоқ мүрдені туыстары тек киіміне қарап таныған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде