{metadescription}
Жол азабын тартқан  оқушылар Көкшетау әкіміне мектепке бірге баруды ұсынды
Жол азабын тартқан  оқушылар Көкшетау әкіміне мектепке бірге баруды ұсынды

Жол азабын тартқан оқушылар Көкшетау әкіміне мектепке бірге баруды ұсынды

Қыр астындағы мектепке қатынас қиын! Көкшетауда оқушылар таудың арғы бетіндегі білім ошағына жаяу қатынап жүр. Өйткені, жолдың жоқтығынан автобус қатынауды қойған. Әсіресе бастауыштың балаларына қиын. Аяз бен боранда адасып қала ма деп ата-аналары күнде үреймен жібереді. Ал жергілікті атқамінерлерден 10 жылдан бері қайран болмай тұр.

-Қыр астында қалың ел бар екені Бұқпа тауына көтерілсең ғана көрінеді. Ал айналма жолдармен өткен жолаушы болмаса, әкім-қаралар бұл ауылға ат басын тіреп көрмепті. Алғашқыда үй салу үшін жер телімдерін үлестіргенде инфрақұрылым да болады деген. Содан бері 10 жыл артта қалған.

Қаңтардың аязынан әупірімдеп өткен мына балалар үшін енді ақпанның ақ түтек бораны басталды. Сабаққа кешікпеу үшін екі сағат ерте шығады. Беттері домбығып тоңса да, тау асып білім қуып жүр.

Томирис Шайдулатова, оқушы:

-Тау арқылы өтеміз. Жел борандарда қиын тауға көтерілу. Сабақтан шыққанда кеш болады. Қараңғы.

Әсіресе, бастауыш сыныпта оқитын балаларға қиын. Боранда көлігі барлар да шыға алмай қалады екен. Осыны айтып талай атқамінердің алдына барғанымен, ешқайсынан қайран болмай тұр.

Баялы Құсайынов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Әкімдер білмейді мына жақта халық тұратынын. Тегіс жол керек.  Келсін бізге, бәрін айтамыз әкімге. Ешкім мына жаққа келмейді. Сырт жақтан келіп, сырт жақтан кететін шығар.

Жұрт жедел жәрдем шақырса да, дәрігерлер сырттағы айналма жолға тоқтайды. Өйткені көлікті сындырмай өту мүмкін емес. Шенеуніктердің сөзіне қарасақ, бұл жолдың мәселесі жақын арада шешілмейтін тәрізді.

Гүлмира Тасова, Көкшетау қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы:

-Өткен жылы қиыршық тас төсеп жолдарды тегістедік. 1 шақырымнан аса жер тегістелді. Биыл да осындай жұмыстар жалғаспақ. Ал асфальт төсеп, күрделі жөндеу жүргізу әзірге қарастырылмаған.

Яғни 200-ден аса оқушының мектепке қалай қатынап жүргенімен  ешкімнің ісі жоқ. Не мектеп, не білім саласының басшылары бұған бас қатырған емес. Сондықтан қыр астындағы жұрттың соңғы үміті Астанадағы шенділерде.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде