{metadescription}
Еркектің жыныс мүшесін ұзартатын  қытайлық препаратқа   сенгендер бедеулікке ұшырап жатыр
Еркектің жыныс мүшесін ұзартатын  қытайлық препаратқа   сенгендер бедеулікке ұшырап жатыр

Еркектің жыныс мүшесін ұзартатын қытайлық препаратқа сенгендер бедеулікке ұшырап жатыр

«Сиқырлы» дәрілердің сергелдеңі! Еркектің қуатын арттырып, ал келіншектерді қыздай құлпыртатын дәрілер бір сәттік бақытқа бөлеген соң  өмір бақи баласыз қалдыруы мүмкін. Қара нарықта қаптаған түрлі қытай қоздырғыштарынан төнген қауіп жөнінде мамандар дабыл қағуда. Бүгінде ер азаматтардың 40 пайызы күмәнді дәріні ішемін деп бедеулікке ұшыраған.

«Ұлы сөзде ұят жоқ»! Бұл азаматтар белдің қуатын өсіремін деп жүріп белсіз қала жаздаған. Бүгінде мұндай олардың саны жүздеп саналады.

Сейдәзім Әбдіжаппаров, уролог:

-Артық  қыламын деп тыртық қылады. Жыныс мүшем неге қысқа деп шағым айтып келетіндер көп. Оны құдай береді ғой. Қайтесің, оған тиісуге болмайды.

Ал тиісуге түрткі болған мына жарнамалар екен. Жіңішкені жуандатып, қысқаны ұзартып беретін препараттардың кімнің де болса қызығушылығын тудырмай қоймайтыны анық. Қытайдан әкелінген бұл дәрілерді сатушылардың өздері «сиқырлы» күшке ие деп мақтауын жер-көкке сыйдырмай, ғаламтор арқылы емін-еркін саудалап жүр.

- «Супразин» деген ғажап таблеткалар бар. Ол эрекцияны күшейтін жыныстық қатынасты ұзаққа созады. 10 таблеткасы 6.500 теңге. Қытайда жасалған. Дәрі емес ол, дәрумендер.

Еркектерді «ерен күш» иесі етіп етіп қоймай, әйелді қыздай құлпыртатын дәрілер де емін-еркін сатылуда. Арасында, тіпті омырау өсіретіндері де бар. Ал осындай қытай қоздырғыштарын ішкен адамдар енді перзент сүю бақытынан айырылған.

Владимир Арепьев, андролог:

-Бұл дәрілердің құрамында не бар, не жоғы белгісіз. Қытай медицинасы деп мақтағанымен, оның нақты дәлелі жоқ. Есесіне қанша жігіттер белсіздікке душар болуда. Қазір ер азаматтардың 40 пайызы осындай препараттардың әсерінен белсіздікке ұшыраған.

Сау басына сақина тілеп алғандардың бірі – Орынғали. 32 жасқа жаңа толған жігіт қытай дәрісіне қызығып, ақыр аяғында еркектік мүшесін отаның арқасында әрең аман алып қалған.

Орынғали:

-Жыныс мүшесін үлкейтеді екен. Еркектік қуатын арттырады екен деген сияқты неше түрлі жарнамаларын беріп қойған. Мен соның барлығына қызықтым да.Бар ойым тек қыздар туралы ғана болды. Артынан ауруларға шалдыға бастадым. Еркін жүріп-тұруым қиындады. Жасыру мүмкін болмай кетті.

Күмәнді дәрілерге ешбір құзырлы орган қызығушылық танытпаған сыңайлы. Кез-келген жер сатылып жатқанына қарап олай демеске амал жоқ.

-Ұрығы сұйылып, салдарынан ауруханаларды жағалап кететіндер күннен күнге көбеюде. «Сиқырлы» дәріні ішкенін көбі жасырып, тіпті мойындамайтын көрінеді. Ал есесіне, не тіркеуі, не тілдей құжаты да жоқ сол дәрілердің саудасы әлі де қызып тұр. Қажет десеңіз, тіпті, үйіңізге дейін жеткізіп береді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде