{metadescription}
Елімізде ең арзан бензин Қостанайда сатылуда
Елімізде ең арзан бензин Қостанайда сатылуда

Елімізде ең арзан бензин Қостанайда сатылуда

Жанармай тағы да арзандады. Бұл жолы әзірге Қостанайда. Мұнда АИ-92 маркалы жанармайдың әр литрін 102 теңгеден алуға болады.

Бұл соңғы бірнеше аптадағы жанармай құнының үшінші рет арзандауы. Жаңа бағаның жүргізушілерге ұнағаны сөзсіз. Қазір аталған бензин түрі Ресейден біздің ақшамен 90 теңгеге әкелінеді екен. Сондықтан кәсіпкерлер клиенттерді жоғалтып алмаудың амалын жасап, баға саясатына өзгеріс енгізуде. Бензин құнының түсетінін шенеуніктер кеше ғана мәлімдеген болатын.

Қабділман Біргебаев, көлік жүргізушісі:

-Үкіметтің істеп жатқаны біржағынан оңды. Өздеріне пайда аз түссе де, мұнай мен газдың шығыны көп болады. Халық та көп алатын болады. Бұрын Ресейден алып жүруші еді, пайданың барлығы Ресейге кетіп жатты. Қазір ақшаның барлығы өзіміздің елімізде қалады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде