{metadescription}
«Оңай олжаға» қатысып 250 мың теңге ұтып алыңыз!
«Оңай олжаға» қатысып 250 мың теңге ұтып алыңыз!

«Оңай олжаға» қатысып 250 мың теңге ұтып алыңыз!

КТК-да «шопинг» маусымы жалғасуда. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері біздің арнада «Оңай Олжа» бағдарламасының кезекті сандары эфирге шығады. «Mega» ойын-сауық желісімен бірлесе жасалып жатқан жоба бір күнін де сауда-саттықсыз өткізе алмайтын жандарға арналған.

Көптен бері ойлап, бірақ сатып алуға ақшасы болмай жүрген 4 адамға 250 мың теңге мен бір сағат уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде сайысқа түскен жандар «Mega Park» ойын-сауық орталығындағы кез-келген сауда нүктесінен тауар алып үлгеруі тиіс. Мұнда жаныңыз қалағанның барлығы бар. Бірақ бұл бастамасы ғана. Себебі әрбір дүниені қойылған сұраққа дұрыс жауап қайтару арқылы иемденуге болады. Қиналған сәтте 50/50 жеңілдігін пайдалануға немесе «Mega Park»-ке келген қонақтардың көмегіне жүгінуге мүмкіндік бар. Олжаға оңай жетудің жолын әр дүйсенбі мен сейсенбі күндері сағат 19:45-те «Оңай Олжа» бағдарламасынан тамашалай аласыздар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.