{metadescription}
Атырау облысында берешегі бар жүздеген отбасы сусыз қалды
Атырау облысында берешегі бар жүздеген отбасы сусыз қалды

Атырау облысында берешегі бар жүздеген отбасы сусыз қалды

Атырау облысында 90 пәтерлі тұрғын үй сусыз қалды. Коммуналдық мекеме қарызы бар бірнеше пәтер иесінің кесірінен бүкіл нысанды тіршілік нәрінен ажыратқан. Жалпы құлсарылықтардың су үшін жалпы қарызы 20 миллион теңгеге жетіпті. Қарызды басқалай қайтара алмаған жергілікті басшылар енді осындай қадамға баруға мәжбүрміз дейді. Енді қарыз тұрғындар үшін көршілер жаппай зардабын тартып жатыр.

Құлсарыдағы мына үйде не ыстық, не суық су жоқ. Онсыз да сыздықтап әрең ағатын суды коммуналшылар мүлдем тоқтатып тастаған. Өйткені тұрғындардың біразы жылдар бойы су ақысын төлемепті. Енді сол борышкерлердің кесірін көршілері тартып жатыр. Жұрт су іздеп, маңайдағы жер үйлердің құдығын жағалап жүр.

Саида Сұлтанова, Құлсары қаласының тұрғыны:

-Сендердің көршілерің бар төлемеген, солар үшін сендердікін бірге қиямыз дейді. Екі ай сусыз отырасыңдар, су таситын көлік жібермейміз деп отыр. Төлемегендеріңді көрейік деп Ыбраев айқай шығарып кетті.

Ақша төлемеген көршілерің үшін көкелеріңді көрсетем деп жүрген мына кісі. Елді-мекенге су тасымалдайтын «Жылыойсу» мекемесінің басшысы. Айтуынша, ай сайын құлсарылықтардан су үшін 23 миллион теңге қазынаға түсуі керек. Бірақ, жиналатыны 3 миллион ғана. Сондықтан суды тоқтатып тастамаса, қарыз қайтатын емес деп ашулы.

Балтабай Ыбраев, «Жылыойсу» МКК басшысы:

-Бірнеше рет тұрғындарға ескертілді, ескерту қағазы таратылды. Ақшаларыңды төлеңдер, мынадай бережақтарың бар дедік. Жоқ, төлемейді. Әртүрлі дәлел айтады. Содан амал жоқ, суды тоқтатуға тура келді. Бірақ соның нәтижесінде 320 мыңның үстінде түске дейін ақша жиналды.

Кінәлісі бар, кінәсізі бар, халықты осылайша сусыз біраз уақыт ұстай тұрсақ, миллиондаған қаражат аз уақыт ішінде қазынаға түседі, - дейді шенді. Жұртты судан жаппай ажыратып, құдық жағалатып қойған шендіні тіпті аудан әкімінің өзі қолдап отыр екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.