{metadescription}
Жаңаөзенде екпеден кейін есінен танып құлаған балалардың саны артты
Жаңаөзенде екпеден кейін есінен танып құлаған балалардың саны артты

Жаңаөзенде екпеден кейін есінен танып құлаған балалардың саны артты

Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпеден тағы 4 бала құлады. Сөйтіп, кешеден бері әлсіреп ауруханаға түскендер саны 34-ке жетіп отыр.

Жаңаөзен қалалық ауруханасына бүгін жеткізілген оқушылардың  біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал кеше Ақтауға алып келген екі қыз баланың жағдайы қазір тұрақталды. Енді оларды Астанадан барған дәрігерлер қарап жатыр.

- Қазір жағдайың қалай?

- Басым ауырып, айналып тұр

- Тұрып, жүре аласың ба?

- Құлап қалатын сияқтымын...

11-сынып оқушысы Жадыра Қожаниязованың 3 күннен бергі халі осылай. Қазір беті бері қараған. Оны кеше Жаңаөзен ауруханасының жансақтау бөлімінен Ақтауға алып келген. Қызылшаға қарсы екпені салған күнгі оқиғаны ол қорқынышпен еске алады.

Жадыра Қожаниязва, 11-сынып оқушысы:

-Класстың бәрі құлады. 16 оқушы түсті, сол вакцина салған күні.  Ауруханада система алып, жақсы болған соң, шығарды. Ертеңіне кешке қайта судоргы ұстады. Аяқ қолдарым тартылып қалды.

Осы әңгімеден кейін 2 сағат өткенде Жадыра есінен танып неврология бөлімінен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Тап осы бөлімде кешеден бері тағы бір қыз жатыр. Есі кіресілі-шығасылы дейді ата-анасы. Екеуінің де диагнозын қазір анықтау мүмкін болмай тұр. Жеткіншектердің жұлынынан сынама алынып, сараптамаға жіберілді.

Зоя Тұрмағамбетова, оқушының анасы:

-Сіздің қызыңыздың хәлі ауыр деді басқаларға қарағанда. Жұлынынан су алу үшін  рұқсат алды. Баламыз үшін не істемейміз?

Ал бұл уақытта Жаңаөзенде тағы 4 оқушы ауруханаға түсті. Ал бүгін кешке қарай тағы бір оқушыны Ақтауға әкеліп, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызды. Бұлар үшін Астанадан екі дәрігер алдыртқан.

Алмабек Бисен, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Өсуі де мүмкін. Себебі бұл литератураға сүйенетін болсақ, аурудың реакцияларының кейбіреулері 5 күн дегенде беруі мүмкін, кейбір адамдарға 10 күнде беруі мүмкін. Бірең – сараң балаларда әлде де болуы мүмкін. Дәрігерлерге үйлерінде, мектептерде қадағалап отыруға тапсырма берілді

Вакцинаның балаларға кері әсер етуіне байланысты қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан комиссия құрылды. Олар екпенің дұрыс сақталып, егу техникасының бұзылмағанын айтады. Ал оның неге кері әсер еткені дәріге жасалған сараптамадан соң белгілі болмақ.   

Инъекциядан кейінгі реакция Бейнеу ауданы мен Ақтау қаласында да бірен-саран балалардан анықталып отыр. Ал бұған дейін Теміртауда 20 студент естерінен танып қалған еді. Осыған қарамастан ақ халаттылар қызылшаға қарсы екпені егу керек дейді. Сондықтан ата-аналар мен жасөспірімдерді қорықпай екпе салдыруға шақырып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.