{metadescription}
Назарбаев сайлауға қатысу туралы шешімін сәл кейінірек қабылдайтынын айтты
Назарбаев сайлауға қатысу туралы шешімін сәл кейінірек қабылдайтынын айтты

Назарбаев сайлауға қатысу туралы шешімін сәл кейінірек қабылдайтынын айтты

 Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден  халыққа үндеу жариялады. Сөйтіп   мерзімінен бұрын өтетін сайлаудың  нақты уақытын белгілеп тиісті жарлыққа қол қойды. Ал  президент сайлауы тура екі айдан соң, яғни 26 сәуірде өтетін болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін мен Сенат, Мәжіліс басшыларымен, Премьер-Министрмен, Конституциялық кеңес төрағасымен кеңес өткіздім. Таяуда Сенат төрағасының сауалына орай Конституциялық кеңес кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге қатысты түбегейлі түсініктеме берді.Менің Мемлекет басшысы лауазымындағы конституциялық өкілеттігім де 2016 жылы аяқталады. Халық екі ұсыныс айтуда. Біріншісі - ел президентін кезектен тыс сайлауын өткізу. Екіншісі -  Президент өкілеттігі мерзімін ұзарту туралы референдум өткізу. Екі ұсынысты да жүзеге асыруға болады. Дегенмен, Конституция талаптарына сай келетін ең дұрысы сайлау өткізу болып саналады.Мен негізгі заңды мүлтіксіз орындау үшін және ел Конституциясының 41-бабы 3.1-тармағына сәйкес 2015 жылдың 26 сәуіріне кезектен тыс президенттік сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан үшін сайлау әруақытта да қоғамдық бірлік пен келісімнің жоғары тетігі болды. Қазірде және алдағы уақытта да солай боларына сенімдімін.  Сайлау - бұл конституциялық патриоттық акт. Оны заңнамаға сәйкес ашық әрі әділ өткізу қажет. Отандық және халықаралық байқаушылар кеңінен қатысуы тиіс. Мен сайлауға қатысты «иә» мен «жоқты» мұқият ой таразысына салдым. Сөйтіп, «кезектен тыс президент сайлауын өткізген жөн» деген пайымға келдім.Алдағы сайлауға өзімнің қатысуыма байланысты шешімді мен сәл кейінірек еліміздің Конституциясына және заңдарына сай қабылдаймын. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.Баршаңызға бірлік пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.