{metadescription}
Алматы мен Шымкентте айып тұрағындағы көліктер тегін таратылмақ
Алматы мен Шымкентте айып тұрағындағы көліктер тегін таратылмақ

Алматы мен Шымкентте айып тұрағындағы көліктер тегін таратылмақ

Еліміздің айып тұрақтары көліктерге лық толы. Әрі олардың басым бөлігі 10 жылдап тұрып қалғандықтан тозығы жетіп, жарамсыз күйге түскен. Оның үстіне жүргізушілер құны көліктің бағасынан асып кеткен айыппұлды төлегісі келмейді. Себебі, мұнда көлігіңіз қойылса, айыппұлыңыз күн сайын 900 теңгеге өсе береді. Ал тұрақ қызметкерлері жаңадан келіп түскен көліктерді қоярға жер таппай жатыр.

-Бұл айып тұрағы негізінен 155 көлікке ғана шақталған. Ал, мұнда айдап әкелінген темір тұлпар саны 240-тан асып жығылады. Яғни, 90 көлік артық. Әрі күн сайын жаңа көліктермен толығуда. Керісінше, алып кетушілер болса, бірен-саран.

Мәселен, мына «Мазда» айып тұрағында 8 жылдан бері тұр. Иесі мұнда көлігінің барын тіпті ұмытқандай. Қазір қаладағы айып тұрақтарының бәрінде осындай жағдай. Көліктері он жылдап тұрса да, айыппұлын төлеп темір тұлпарын алуға ешкім асықпайды.

Бақыт Әбдіжаппаров, Алматыдағы №6 айып тұрағының қызметкері:

- Күніне 3-10 машинаға дейін қабылдаймыз. Ал, мейрам болып, ауа райы бұзылып, көк-тайғақ болғанда одан көп машина келеді. Орын табылмай қалады. Сол кезде қиындықтар туындайды.

Әрі жүргізушілер құны көліктің бағасынан асып кеткен айыппұлды төлегісі келмейді екен. Себебі, мұнда көлігіңіз қойылса айыппұлыңыз күн сайын 900 теңгеге өсе береді. Сондықтан құр шығынданғанша, көліктің осында қалғаны дұрыс дейді көбі. Ал ұзақ уақыт тұрып, қаңқасы қалған күнде де оларды иесінің рұқсатынсыз ешкім де бұл жерден әкете алмайды.

Ерлан Әлімжанов, Алматы айып тұрақтарының басшысы:

-Утилизация  ешқандай заң қарастырылмаған. Мен ойлаймын 3 жылдық мерзім қойылуы керек. Сол үш жылда алынбаған автокөліктерді әкімшіліктің шешуі бойынша өз еркімізбен утилизация жасасақ деп ойлаймын.

Ал Шымкенттегі айып тұрағының қызметкерлері көлікті иелерінің тегін алып кетуін сұрап отыр. Себебі, мұнда да тұрақтар лық толы. Әрі шіріп, тозығы жеткен машинадан аяқ алып жүру мүмкін емес.

Бекжан Жылкелдиев, Шымкент қалалық айып тұрағының басшысы:

-Осында жиналған автокөліктердің саны 160-тан асып кетіп отыр. Олар өз құнынан асып кетіп отыр. Сондықтан біз құзырлы орындарға хат жаздық. Осы автокөліктерді тегін таратып берулерін сұрап жатырмыз.

Сондықтан айып тұрағының қызметкерлері көліктің тұрақта тұру мерзімін бекіту керек деп отыр. Ал, белгіленген уақыттан ұзақ тұрған көлік автоматты түрде жойылғаны жөн. Бұл айып тұрағында қордаланған мәселені шешуге сеп болар еді дейді олар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде