{metadescription}
Семейде ардагерлер жерленген зиратты вандалдар  қиратып жатыр
Семейде ардагерлер жерленген зиратты вандалдар  қиратып жатыр

Семейде ардагерлер жерленген зиратты вандалдар қиратып жатыр

Семейде соғыс ардагерлері жерленген қорымға вандалдар қол салды. Қаскөйлер осыдан 40 жыл бұрын жабылған зираттарды бұзып қана қоймай, темір қоршауларды қолды қылған. Тіпті ескерткіштердегі суреттерді де бүлдіріпті. Осы сұмдықты көрген сол тұрғындар енді шенеуніктерден көмек болса деп отыр. Тым құрығанда моланы дуалмен қоршауды сұрайды.

-Түгелін шешіп алып кетеді. Металлоломға тапсырады. Ылғи жастар жүреді мында, алқаштар.

Зиратпен көрші тұратын Семей шетіндегі жұрттың көптен тынышы қашқан. Түн жамыла белгісіз біреулер қорымдағы темір қоршауларды шетінен тасып әкетіп жүр. Ал мұнда жатқандардың жартысына жуығы соғысқа қатысқандар екен.

-Жылда жеңіс күні жұрт осы молада жерленген жауынгерлерді еске алып, гүл шоқтарын әкелетін. 40 жыл бұрын қорым жабылып, мұнда мәңгілік мекенін тапқан майдангерлер де ұмыт қалғандай. Қоршаулары шіріп, орнатылған ескерткіштері тозып кеткен.

Ұяттан безгендер темір-терсек қана емес, ескерткіштердегі суреттерге де өш екен.

Берікхан Баужанов, Семей қаласының тұрғыны:

-Әке-шешем, бауырлары, бәрі соғыста қайтыс болған. Осында оралмаған. Бірақ сол кісілердің жолдастары, замандастары, окопта бірге жатқан. Сол кісілер міне жатыр. Бірақ осы жатқан зираттар, ішіміз ауырады,қараусыз!

Жұрт шамалары жеткенше, зират ішін тазалап тұрады. Ал ұры-қарыны тыюға енді биліктегілер көмектессе деп отыр. Шенеуніктер болса, бағзыда жабылған молаға қатысты құжаттар болмаған соң, оны қоршай алмаймыз деп ат-тондарын ала қашуда. Ал соғыс ардагерлерінің сол жерде жерленгені туралы ресми мәлімет те жоқ екен.

Райгүл Смағұлова, Семей қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-Егер сол молада соғысқа қатысқандардың жерленгені туралы мәлімет түссе, біз оны тіркеуге алып, абаттандырамыз. Бізде қала бойынша 14 зират жабылған. Екі қорымда ардагерлер жерленген. Оларды біз ұдайы назарда ұстап отырамыз.

Осыдан екі жыл бұрын дәл осы зиратты еріген қар суы шайып, адам сүйектері жер бетіне шығып қалған еді. Сол кезде шенеуніктер бұзылған молаларды көшіреміз деген. Алайда қағазбастылықтың кесірінен іс сөзден ары аспады. Ал құжаттарды ретке келтіру үшін тағы 1-2 жыл уақыт керек екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.