{metadescription}
Ақтөбе облысында оқушылар туберкулезді туыстарынан жұқтырған деген қортынды шығарылды
Ақтөбе облысында оқушылар туберкулезді туыстарынан жұқтырған деген қортынды шығарылды

Ақтөбе облысында оқушылар туберкулезді туыстарынан жұқтырған деген қортынды шығарылды

Ақтөбе облысындағы мектептердің бірінде оқушылардың жаппай туберкулез дертін жұқтыруына қатысты тексеру аяқталды. Осыдан үш ай бұрын Қандыағаш қаласында бір сыныпта оқитын 4 оқушының өкпесінен Кох таяқшасы табылған болатын. Қазір олардың саны онға жеткен. Дегенмен, мамандар дерттің дендеуіне мектептің еш қатысы жоқ деп отыр. Ауруды барлығы туыстарынан жұқтырыпты. 

Үш айдан бері Қандыағаш қаласындағы №5 мектеп оқушылары мен мұғалімдерде маза жоқ. Апта сайын анализ алуға келгендердің қортындысын күтіп алаңдайды. Қазір мектептегі 10 баладан Кох таяқшасы табылған. Барлығы дерлік жоғары сынып оқушылары.

Әлішер Еламан, мектеп оқушысы:

-Біз 25 бала болдық. Қазір 15 бала қалдық. Ауруханада жатқан балалармен хабарласып тұрамыз ата-аналарымен. Әлеуметтік желілер арқылы. Жағдайларын сұрап тұрамыз. Әрине, уайымдаймыз.

Осы мектепте оқитын барлық оқушы мен мектеп ұжымы толық тексеруден өткен. Ал сырқат балалардан туберкулездің жабық түрі анықталыпты. Сондықтан бір-біріне жұғу қаупі жоқ деп сендіреді. Комиссия жеткіншектерге Кох таяқшасы туыстары арқылы берілгенін айтады.

Гүлнар Мәмбетжанова, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Тексеруге министрлік пен туберкулез институтының ғалымдарын шақырдық. Ауырған баланың төртеуінің өкпесін бұрын емдеген. Тағы төртеуінің туыстары дертті болған. Ал біреуінің үйінде жақыны ауырады. Жасөспірімдерің иммунитеті осы кезде әлсірейді.

Дерт дендеген мектеп директорының да комиссия қортындысынан соң көңілі орныққан. Себебі осы оқиғадан соң ата-аналардың наразылығына тап болыпты. Дегенмен, мектептің санитарлық жағдайының мәз емес екенін мойындайды.

Есенай Мұқашов, мектеп директоры:

-Көп ата-ана мектептен көргісі келді. Мектептен көргісі келетіндей негіз жоқ. Қортындысы бар. Қортындысы шығып болғасын айту керек.  Мектепке күрделі жөндеу қажет екені рас. Бірақ аудандық білім бөлімі құжат жасап болды.

Енді жөндеуге 163 миллион теңге қаржы керек екен. Бұл мектепке соңғы рет қашан күрделі жөндеу жүргізілгенін ешкім айта алмайды. Дегенмен, осыдан кейін білім ошағының жаңарып қалатынына ата-аналар шүкіршілік етіп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде