{metadescription}
Сириядағы соғысқа кетпек болған отандасымыз Америкада ұсталды
Сириядағы соғысқа кетпек болған отандасымыз Америкада ұсталды

Сириядағы соғысқа кетпек болған отандасымыз Америкада ұсталды

Тағы бір отандасымыз Америкада лаңкестік жасамақ болды деп  деп шатылып жатыр. Оңтүстіктің тумасы, 19 жастағы Ахрор Сейдахметовке  Нью-Иорк әуежайынан Стамбулға ұшқалы жатқан жерінде қолына кісен салынған. Федеральды барлау қызметінің мәліметінше, жерлесіміз Түркия арқылы Сирияға жетіп, содырлардың қатарына қосылмақшы болыпты.

Сондай-ақ, оның сыбайласы ретінде 2 Өзбекстан азаматы тұтқындалды. Абдурасул Жорабоев пен Аброр Хабибов бұған дейін де «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырларына қаржылай көмек көрсетіп келген екен. Осындай айып таққан Федеральды барлау қызметі бұл үшеуі лаңкестердің нұсқауымен Америкада жарылыс жасамақ болған дейді. Отандасымыз Ахрор Сейдахметовтың 2011 жылы Өзбекстанға кетіп содан қайтып Қазақстанға оралмағаны анықталып отыр. Кейін Америкадан бір шыққан жас жігіт туралы бар ақпаратымен бөлісуге және тергеуге араласуға еліміздің Сыртқы Істер министрлігі бүгін дайын екенін мәлімдеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.