{metadescription}
Семейде 60 адамды алдаған алаяқ сотталғанын естігенде жылап жіберді
Семейде 60 адамды алдаған алаяқ сотталғанын естігенде жылап жіберді

Семейде 60 адамды алдаған алаяқ сотталғанын естігенде жылап жіберді

Семейде полицияға жұмысқа орналастырамын деп аңқау жұрттың ақшасын жымқырған алаяқ сотталды. Ол аз ғана уақыт ішінде 60 адамды сан соқтырған.

Көз жасын көл қылып тұрған 32 жастағы Бахар Түкенова бұрындары полиция бөлімінде аудармашы қызметін атқарыпты. Жұмысынан қысқартылған соң, табыс табудың оңай жолын іздеген екен. Өзін полиция капитанымын деп таныстырып, түрлі лауазымды қызмет орындарын саудалаған. «Тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне де орналастыруға шамам жетеді» деп ант-су ішкен. Оған сенген жұрт ойланбастан қолда барын беріп, жер сипап қалды. Ал бүгін шыққан сот үкімі бойынша, алаяқтықпен 22 млн теңге тапқан әйел алдағы 5 жарым жылын абақтыда өткізбек. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, 60 адамға алған ақшасын қайтару міндеттелді. Жәбірленуші тарап енді оның сыбайластарын табуды талап етіп отыр.

Нұрзия Асайынова, жәбірленуші:

-Келіспеймін, 1 емес, 6 емес, 60 кісіден ақша алды. Сұмдық емес пе? Ол өзі жалғыз алған жоқ қой. Мен 3. 100 доллар бердім. Ең азы мың доллар, кейбіреулері миллиондап берген. Ол ақшаның бәрі қайда кетті? Жалғыз Түкенова жеген жоқ қой.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.