{metadescription}
Реалити-шоу түсірілімінің соңы адам өлімімен аяқталды
Реалити-шоу түсірілімінің соңы адам өлімімен аяқталды

Реалити-шоу түсірілімінің соңы адам өлімімен аяқталды

Аргентинада екі тікұшақ соқтығысып, 10 адам көз жұмды.Әуе апаты туристер көп баратын Ла-Риоха аймағында реалити-шоудың түсіріліміне бара жатқан кезде болған.

Шоу қатысушыларын тасымалдаған әуе кемесі Кебрада-дель-Йесо ауданына бет алған екен. Дәл осы жерде күрделі табиғат жағдайында ұзақ өмір сүру қабілеті тексерілетін бағдарлама түсірілімі жоспарланыпты. Бірақ орта жолда 100 метр биіктікте екі тікұшақ соқтығысып, жерге құлаған. Салдарынан екеуінде болған адамдардың барлығы көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында Францияның белді спортшылары болған. Олар – жүзуден Лондон олимпиадасының чемпионы Камиль Мюффа, бокстан Еуропа біріншілігінің 2010 жылғы күміс жүлдегері Алексис Вастен және әйгілі теңіз саяхатшысы Флоранс Арто. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.