{metadescription}
Жамбыл облысында қабаған иттер адамдарға қырғидай тиіп жатыр
Жамбыл облысында қабаған иттер адамдарға қырғидай тиіп жатыр

Жамбыл облысында қабаған иттер адамдарға қырғидай тиіп жатыр

Жамбыл облысында қабаған иттер көше тұрғындарына қырғидай тиіп жатыр. Төбеттер тек бір аптаның ішінде алты адамды жарақаттаған. Арасында мектеп оқушылары да бар. Қазір далаға шығауға қорқып қалған Сарыкемер ауылының тұрғындары иттердің иесінен олардың көзін құртуды талап етуде. Ал одан ажырағысы келмеген әйел енді ауылдастарын қасқырға талатамын деп қасарысып отыр.

Раушан Үкеева сегізінші наурыздан бері ауруханада жатыр. Мереке күні зейнеткерді көршінің питбульдері талапты. Анығы, ауылдасы итті қасақана айтақтады деп отыр. Бірақ оның мұндай қадамға не үшін барғанын түсінбейді. Енді емделіп шыққан соң көршісін сотқа сүйремек.

Раушан Үкеева, Сарыкемер ауылының тұрғыны:

-Біреуі қолымнан жармасты. Мен айғайлап, шыңғырып жылап жатырмын. Үйден балам шықты, көршінің баласы келе жатқан сол ажыратты.

Ауызы алты қарыс қабаған иттердің жемтігіне айнала жаздаған жалғыз ол емес. Сол сегізі күні төбеттер алты адамды жарақаттаған. Тіпті бір оқушы өлім аузынан қалыпты. Жеткіншекті әкесі иттің азуынан әрең ажыратып алған. Дереу ауруханаға апарып, құтырмаға қарсы екпе де салдырыпты.

Сенбек Құсайынов, Сарыкемер ауылының тұрғыны:

-Бірінші екі ит талап жатқан ғой.Әйелім жүгір баланы талап жатыр деп. Балама бардым, содан маған «фас» деді.

Төрт жылдан бері жалпы саны неше адамның итке таланғаны беймәлім. Қазір көшеден адам жүруге қорқатын болған. Ал қабаған итімен аты шыққан әйел өзіне әрі төбеттеріне шаң жуытар емес. Айтуынша, үйінде тек кішкентай мына күшігі ғана бар. Оның адамға шабуы мүмкін емес деп отыр. Бірақ өзі жасырғанымен, жұрт күркедегі итін әшкере қылды.

Жұртқа қоқан -лоққы көрсеткен ит иесін тезге салар жан табылмай тұр. Құзырлы орын мен шенеуніктерге шағым түсіргенімен, олар да дәрменсіздік танытуда. Айтуларынша, үйде жүрген итті атуға рұқсат жоқ. Тек сыртқа шығуын күту керек. Ал, питбульді жайратудың сәтін күтіп жүргенде, оның тағы адамға шаппасына ешкім кепілдік бере алмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде