{metadescription}
Елімізде қыс қаһарына қайта мінді
Елімізде қыс қаһарына қайта мінді

Елімізде қыс қаһарына қайта мінді

Наурыз бел ортасына жақындағанда қыс қаһарына қайта мініп, еліміздің бірнеше аймағы қалың қар мен ақтүтек боранның астында қалды. Қарағанды облысында жолда қалып қойған көліктерден 103 адам құтқарылса, Павлодар облысындағы көз аштырмас боранда отыз адам адасып қала жаздады. Араларында балалар да бар.

Олар ескертпелерге мән бермей жолға шыққан екен. Баянауыл ауданына жеткенде көліктері омбы қарға батыпты. Қар құрсауында қалған 10 шақты жеңіл машинаны құтқарушылар аршып алды. Осы ауа райының қолайсыздығынан түнде Қызылорда-Павлодар тас жолы жабылды. Еліміздің орталық аймағы – Қарағанды облысында да қалың қар жауып, арты боранға ұласқан. Қазір Астана мен Қостанайға қатынайтын жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Облыс аумағындағы барлық жолдарында кешелі бері құтқарушылар тыным көрмей, жүзден аса адамды құтқарды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде