{metadescription}
«Союз» кемесінің экипажы мінген капсула Жезқазған маңына түсті
«Союз» кемесінің экипажы мінген капсула Жезқазған маңына түсті

«Союз» кемесінің экипажы мінген капсула Жезқазған маңына түсті

Жезқазған маңында «Союз ТМА-14 М» ғарыш кемесінің экипажы мінген капсула аман-есен қонды. Ашық кеңістікте болған үш адамның ішінде осы жолы әйел де бар.

Ғарышкерлер Байқоңырдан былтыр қыркүйекте ұшырылған. Олар 6 ай бойы ғылыми жаңалықтар ашу үшін түрлі тәжірибелер жүргізіпті. Экипаж құрамында кеме капитаны Александр Самакутяев,  НАСА астронавты Барри Уилмор және  бортинженер Елена Серова бар. Үшеуінің де денсаулықтары сыр бермемпті. Дегенмен, Қарағанды әуежайына америкалық мейман келе алмады. Дәстүр бойынша құрметті қонақтардың иықтарына шапан жабылып, сыйлықтар табыс етілді. Ал Елена Серова – халықарылық ғарыш стансасына Ресейден алғаш барған әйел.

Елена Серова, ғарышкер:

-Әрине, бұл іске әйел затының шамасы келетінін дәлелдегеніме қуаныштымын. Өйткені ғарышта атқарылатын жұмыс еркек немесе әйелдікі деп бөлінбейді. Тапсырманы бірдей орындаймыз. Менен кейін де осы үрдіс үзілмейді деген үміттемін

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде