{metadescription}
Астанада әкесіндей адамды  аяусыз тепкілеген студенттер ұсталды
Астанада әкесіндей адамды  аяусыз тепкілеген студенттер ұсталды

Астанада әкесіндей адамды аяусыз тепкілеген студенттер ұсталды

Астана мен Теміртаудағы жастардың жантүршігерлік әрекеті жұртты шошытты. Әсіресе, Елордада жасөспірімдердің аялдамада отырған әкелерімен жасты кісіні аяусыз тепкілеуі тұрғындардың жағасын ұстатып отыр.

-Қалайсың, брат сенімен суретке түсіп қалайық ... (күлкі)

Суретке түсейік деп екі студент  алдымен зардап шегушінің бетіне түкіріп  әбден мазақ қылады. Кейін пышақпен қорқытып, басынан аяусыз тепкілеп  жатыр. Ал таяқ жеген адам ешқандай қарсылық көрсете алмай аялдамада отырған жерінде қала береді. Сотқарлар Астанадағы колледждердің бірінің 1-ші курс студенттері болып шықты. Кәмілет жасына толмағандар кінәсін толық мойындап өкінгенімен енді жазадан құтыла алмасы анық. Ал, таяқ жеген ер адам полицейлерге арыз түсірмепті. Оны іздеп табуға полиция халықтан көмек сұрап отыр.

Ал бұл Теміртауда болған жаппай төбелес. Күштері тасып, тура көшенің ортасында бір-біріне жұдырық ала жүгіргендер шаһардағы оқу орындарының бірінің студенттері екен. Қаланың қақ ортасында бір-бірінің тұмсығын бұзғандар ешкімді елер емес. Көп ұзамай жеткен полиция бұзақыларды көлікке тиеп бөлімге алып кетті. Аты-жөні анықталған соң жауапқа тартылмақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде