{metadescription}
Петропавлда автосалон соғылған көлікті жаңа деп сатып жіберген
Петропавлда автосалон соғылған көлікті жаңа деп сатып жіберген

Петропавлда автосалон соғылған көлікті жаңа деп сатып жіберген

Су жаңа көлік аламын деп сан соғып қалды. Петропавл тұрғыны Сергей Шавриннің жергілікті автосалондардың бірінен алған темір тұлпары соғылған болып шықты. Ал салон қызметкерлері оны жамап-жасқап, «зауыттан жаңа шықты» деп сатып жіберген. Енді осы машина үшін ай сайын несие төлеп отырған азамат екі жылдан бері не ақшасын қайтара алмай, не темір тұлпарды өзгесіне алмастыра алмай отыр.

Сергей Шаврин Өскеменде шығарылған мына көлікті Петропавлдағы автосалоннан 2 жыл бұрын сатып алыпты. Араға аз уақыт салып, темір тұлпардың техникалық жағдайы сыр бере бастаған.

Сергей Шаврин, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Жылдамдықты ауыстыру құрылғысы аз уақыттан соң-ақ істен шықты. Салонның іші де шұрқ тесік, жауынды күні алдыңғы әйнектен су сорғалайды. Ол темірді шірітіп жатыр.

Алайда сол сәттегі ақаулардың бәрін кепілдік негізінде автосалон  тегін жөндеп бергенімен іс мұнымен бітпеген. Уақыт өте келе көліктің өзге жүйелері біртіндеп істен шыға бастапты. Сергей Шаврин тәуелсіз сарапшының көмегіне жүгініп, тиісті құжаттарды сотқа дайындаған.  Көліктің бұрын соғылғаны сол кезде мәлім болыпты.

Игорь Исаков, сарапшы:

-Көлік соғылған болуы мүмкін. Соққының қатты болғаны сонша, тіпті оның әйнектері ұшып кеткен. Ал салондағылар шыныны әр жылдары шығарылған әйнектермен алмастырған.  Көліктің зауытта емес, қолдан сырланғаны да көрініп тұр.

Алайда Сергей бұны сотта дәлелдей алмады. Оның «ақшамды қайтарып берсін, не көлікті өзгесіне алмастырсын» деген талабы да жерде қалды. Сот автосалонды көліктің қазіргі бұзылып тұрған ақауларын жөндеуге міндеттеумен ғана шектелген.

-Бұл жайында камераға сұхбат беруден бас тартқан автосалон басшылығы      жазбаша жауап берді. Онда Сергей Шавриннің өзі көлікті дұрыс пайдаланбаған депті. Ал сот шешімін автосалон орындауға қарсы емес, бірақ олардың айтуынша көлікті иесі станцияға әкелмей қашып жүрген көрінеді.

Алайда бұл қып-қызыл өтірік дейді Сергей Шаврин. Автосалон оған сот шешіміне сай ақауларды жөндеп берейік деп мүлдем хабарласпаған. Көлік иесі оларды әлі де сотқа сүйремекші. Жаңа машинаның орнына  соғылғанын алып, алданған ол енді ақшасын қалай да қайтарып алуға бекініп отыр.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде