{metadescription}
Назарбаев үгіт- насихат жүргізетін жақтастарымен кездесті
Назарбаев үгіт- насихат жүргізетін жақтастарымен кездесті

Назарбаев үгіт- насихат жүргізетін жақтастарымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаевтың жақтастары үгіт насихатқа  дайын отыр. Бүгін «Нұр Отанның» атынан ұсынылған президенттік тақтан үміткер негізгі кандидат өзін қолдау үшін құрылған республикалық штабта болды.

Астанадағы басты штабтың жұмысымен танысуға арнайы келген Елбасы, осы жерде жақтастарымен кездесті. Назарбаевтың  талай сыннан өткен сенімді серіктерінің арасында депутаттар, қоғам қайраткерлері мен  бірнеше саяси партия бар. Кандидатты қолдайтын мұндай  штабтар  облыс, қала, аудан  ауылдарда да жұмыс істемек. Олардың жиырма алтыншы наурыздан басталатын үгітке аймақтардың әзірлігі бүгін  мемлекет басшысына  тікелей эфир арқылы баяндалды. Насихат жұмысына Назарбаевтың 29 мың сенімді өкілі мен 50 мыңнан астам ерікті қатысуға әзір отыр. Ал жақтастарының алдында сөз сөйлеген президент өңірлерді аралайтындарға  мемлекет саясатын дұрыс түсіндіруді сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сондықтан бөлінбей жарылмай,бірге халықтың ішіндегі тыныштықты сақтасақ, барлық белесті алатын боламыз. Осымен барлығыңызға табыс тілеймін. Бір облысқа бармасам, ренжімеңіздер.Кейін бір барам ғой бәрібір. Астық жинайтын кезде, өзімнің жоспарым бойынша барам. Қазір келмейді деп ренжімейтін шығар ешкім. Уақытта жоқ, қол да тимей жатыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде