{metadescription}
Ресейдің «Призрак» фильмі үлкен экранға жол тартты
Ресейдің «Призрак» фильмі үлкен экранға жол тартты

Ресейдің «Призрак» фильмі үлкен экранға жол тартты

Елес пен егес! Еліміздегі киносүйер қауым үлкен экранға енді ғана жол тартқан «Призрак» атты ресейлік жаңа фильммен таныса бастады. Тылсым әлемге тап болса да, саналы ғұмыр кешуді көздеген кинокартина кейіпкері көзі тірі кезіндегі мақсатын жүзеге асыруды қалайды. Басты рөлде – орыстың танымал актері Федор Бондарчук.

Жоқ, оны ешкім көрмейді, естімейді де. Ішкі сезім, көңіл-күй, хәл-хадір нешік – мұңдасарға ешкім жоқ. Адамға ұқсап өмір сүруден қалған. Көзі тірісінде ұшақ құрастырушы болып істеген басты кейіпкер Юрий Гордеев жол апатына ұшырап, қаза тапқан. Содан кейін осындай тылсым күйге тап болады. Дегенмен, бұл жалғанда оның жанын түсінер жалғыз жан бар. Ол – Иван есімді мына бала.

Сиқырлы жігіттің енді бұл баладан айырылғысы жоқ. Бар мақсаты – көзі тірісінде құрастырып шығарған ұшағының ең озық техника екенін дәлелдеу. Бірақ оған баланың көмегі керек. Сондықтан әруақ жігіт алдымен балаға көмектесуге мәжбүр болады.

Тіршілікте жолы болмай жүрген қос мұңлық осылайша бірі осы өмірде, бірі сиқыр әлемінде жүріп, жетістікке жеткісі келеді. Бірақ бұл жолда оларды нендей кедергілер күтіп тұр – оны өз көздеріңізбен көргендеріңіз абзал. Ал фильмді елімізде таратушы – «Дисней», «Сони» және «Наше кино» компанияларының Қазақстандағы дистрибьюторы «Меломан» компаниясы.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде