{metadescription}
Петропавлда үш баланың анасы іздестірілуде
Петропавлда үш баланың анасы іздестірілуде

Петропавлда үш баланың анасы іздестірілуде

Анастасия Гурьянова мемлекеттен көмек ретінде алған баспанасын жалға өткізіп, ал шиеттей ұлдарын балалар үйіне тапсырып кеткен. Жалғызбасты ананың аянышты тағдыры жайында бұрынғы хабарларымыздан көрген ел де, шенеуніктер де жалғызбасты анадан көмек қолын аямаған еді. Әкімдіктегілер әйелге уақытша баспана берсе, жұрт киім-кешек пен азық-түлікті үйіп-төккен. Осылайша біраз тойып секірген келіншектен енді хабар-ошар болмай тұр.

Төрт жасар Саша, үштегі Денис пен 1 жастан енді асқан Игорьді  аналары балалар үйіне тура жаңа жылдың алдында әкеп тастапты. «Үміт»  деп аталатын топқа жағдайы қиын жалғызбасты аналардың балалары жарты жылға қабылданады екен. Алайда топтың шарты бойынша, әйелдер мұнда жиі келіп балаларының тәрбиесіне атсалысып тұрулары тиіс.

Мәруар Қапенова, «Балалар үйі» МҚК бас дәрігері : 

-Әкеліп тастап кеткенде жылап, келгенде жылап кететін. Соңғы 13 –інші қаңтарда  келге. Алма, тағы басқа жемістер әкелген. Печенье конфет әкелетін балаларға.

- Қанша айдан бері хабар жоқ?

- Қаңтар... екі айдан бері хабар жоқ.

Мына кадрлар осыдан бір жыл бұрын, Анастасия бізден көмек сұрап келгенде түсірілген. Күйеуі туған балдызын өлтіргені үшін сотталыпты. Ал шиеттей бала-шағамен көше кезіп қалған жалғызбасты ананың жағдайына елең еткен халық сол жолы оған ақшалай көмектесіп, киім-кешек тасып, азық -түліктің астында қалдырған еді. Әкімдік те жатақханадан бір бөлме ұсынған. Бірақ Анастасия осы жақсылықты көтере алмаған сияқты. Есін жиған соң баспанасын жалға беріп, бүлдіршіндерін балалар үйіне өткізіп, өзі беті ауған жаққа кетіпті. 

Мария Маурер, жатақхана коменданты: 

- Оған әкімдіктен тіпті терезесін ауыстырып, бөлмесін жөндеуге де ақша берілді. Барлық жағдайын жасады деуге болады. Бөлме жылы, балаларына орын жеткілікті. Алайда ол сәбилеріне қарамады.

Атқамінерлер енді жатақхананы қайтарып алмақшы. Сөйтіп, мұнда бес баласы бар отбасын жайғастырамыз деп шешіпті. Ал Анастасияның өзі жақын уақытта бой көрсетпесе, үш ұлы жетімдер үйінде толық қалдырылады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде