{metadescription}
Павлодарда үш адамды қағып өлтірген көлік иесі төрт жылға сотталды.
Павлодарда үш адамды қағып өлтірген көлік иесі төрт жылға сотталды.

Павлодарда үш адамды қағып өлтірген көлік иесі төрт жылға сотталды.

Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте болған. Қымбат джипті мас күйінде тізгіндеген жас жігіттер көшеде адамдарды қағып өткен еді. Сол кезде көлікті жүргізген павлодарлық Жамбыл Мұқантаев биыл қаңтарда он жылға бас бостандығынан айырылды. Ал машинаның иесі Батыр Дүйсебаев бүгін қоныс колониясына жөнелтілді.

Жарты жыл қамауда болған Батыр Дүйсебаевтың бүгінгі сотына анасы мен аға-інілері де келді. Көлігінің тізгінін мас досы Жамбыл Мұқантаевқа ұстатқан 25 жастағы жігітті прокурорлар сегіз жылға қамауды сұрады. Жуырда сәбилі болғанын ескерсе керек, сот оны бүгін төрт жылға қоныс колониясына қамау жазасына кесті. Тек мұнымен келіспеген тараптар сот ғимараты ішінде ерегісіп қалды.

Үш адамды жайратқан Ленд Крузерін бүгін сот айып тұрағынан алып кетуге рұқсат берді. Бұған қоса, Батыр Дүйсебаев марқұмдардың туыстарына 6 млн теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Бірақ жәбірленуші тарап жазаның тым жеңіл екенін айтуда. 

Азамат Сүйішбаев, марқұм Ғ.Сүйішбаеваның ұлы:

-Сот үкімімен келіспейпіз. 4 жыл тым жеңіл жаза. Үш кісінің өліміне себеп болған адам төрт-ақ  жылға қоныс колониясына қамалды. Бұлар болмаса, біздің жақындарымыз аман болар еді.

Жол апаты жарты жыл бұрын Павлодардың орталығында болған. Араққа тойып алған жігіттер бағдаршамды елемей, үш жаяу жүргіншіні қағып іздерін суытқан. Қымбат джиптің астында тапталғандардың тірі қалғаны жоқ.

Машинаны жүргізген Жамбыл Мұқантаев он жылға бас бостандығынан айырылған. Екі айдан бері жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жүрген ол бүгін адвокатымен сот алдына тағы келді. Жаза өтеу мерзімі өзгермесе де, Мұқантаев төлеуі тиіс 35 млн теңге өтемақы екі есеге азайтылды. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде