{metadescription}
Қостанайда «қара риэлторлар» 10 жылдан бері 15 пәтерге ие болған
Қостанайда «қара риэлторлар» 10 жылдан бері 15 пәтерге ие болған

Қостанайда «қара риэлторлар» 10 жылдан бері 15 пәтерге ие болған

Қостанайда бір топ алаяқ сотталды. «Қара риэлтор» деген атқа ие болған олар 10 жылдан аса уақыт бойы әрекет етіп келген. Бұлар осы уақыт аралығында 15 пәтерді қылмыстық жолмен иеленіпті. Алаяқтар жұртты қыруар ақшаға қарық қыламыз деп алдаған. Ал олардың «қармағына» әдеттегідей жетім-жесірлер мен араққа салынып кеткен тұрғындар іліккен.  

Наталья енді өз үйінің табалдырығынан аттай алмай қор боп жүр. Ол жоқ кезде ауру атасы әлдебіреулерге алданып, екі бөлмелі пәтерді бір бөлмелі ыңғайлы үйге айырбастамақ болған. Алаяқтар үстеме қаржысын да бермек болып келісіпті. Енді не үйсіз, не ақшасыз көшеде қалған.   

Наталья Марухина, жәбірленуші:

-Жамал Шагвалеева деген әйел әскери қалашықтан бір бөлмелі пәтерді ұсынды. Қосымша тағы 3 мың доллар беруі де керек болатын.

Жамал Шагвалеева ол кезде тіпті пәтерді көрсеткен. Бірақ кейін оның өзінікі емес, бөтен біреудікі екені анықталды. Ал бұлар айырбастайтын болып келіскен соң, қарияның үйін өз атына аудартып, бірден ізін суытқан.       

Николайдың да басы дәл солай тасқа тиіпті. Бұған өзі кінәлі. Араққа сылқия тойып, байқаусызда үш бөлмелі пәтерін біреудің атына жазып жіберген. Қазір көшедегі қайыршылардың қатарын толықтырып жүр.

Николай Мановицкий, жәбірленуші:

- Олар маған әбден арақ ішкізді. Ішкенім сонша, есімді жоғалттым. Таңертең тұрғанда өз үйімнен қуып шықты. Сөйтіп, баспанамды олар 36 мың долларға сатып жіберді. Маған бір тиынын да бермеді.

Осылайша, небәрі бір айда Қостанайда 25 адам үйсіз қалған. Ал оларды сан соқтырған мына топ. Таңатқановтар әулеті: Марал, Жанар және Жамал. Құзырлы органдар бұл жанұяны он жыл дегенде әрең ұстаған.

Бейбіт Ұзақбаев, судья:

- Бұл алаяқтардан зардап шеккендерді сот залына жеткізу оңайға соқпады. Біреуі жертөледе тұрса, енді бірі мүлде көше кезіп қаңғырып кеткен. Десе де, олардан түсініктеме алып, қылмыстық топты жазаға тарттық.

Үйді алдап алатын ұйымдасқан қылмыстық топ енді темір тордың ар жағында тұратын болады. Басшысы Жанар Таңатқанов 6 жылға соталды, ал оның үш сыбайласының 2 жылдан бостандықтары шектелді. Бұл топта бас-аяғы 9 адам болған. Қалғандарына шартты жазалар кесілді. Және алданғандардың шығынын қайтаруға міндеттелді. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.