{metadescription}
Қолындағы барын беріп, оңай байымақ болған атыраулықтар тағы алданды
Қолындағы барын беріп, оңай байымақ болған атыраулықтар тағы алданды

Қолындағы барын беріп, оңай байымақ болған атыраулықтар тағы алданды

Атыраулықтар тағы да алданды! Бұл жолы Мақат ауданының тұрғындары «G-TIME» деп аталатын компанияның құрығына түскенін айтып шағымдануда. Былтыр осы ауданнан өкілдігін ашқан фирмаға 700-ден астам тұрғын қомақты қаржы салыпты. Астындағы көлігін, тіпті банктен несие алып салған ақшаларын енді қараша қайтара алмай жүр.

Бұл осыдан 3 ай бұрын түсірілген бейнежазба. Мұнда атышулы «G-TIME-ға» мүше жандар миллиондаған теңгенің сертификатын иеленіп, тіпті көлік иесі атанып, мәз-мейрам болуда. Ал мынау – бүгінгі жағдай. Аталған компанияға 150 мың теңге салып, бір айдан соң 1 жарым млн теңге қып қайтарып аламыз деген мақаттықтар өз қолдарымен берген ақшаларын талап етіп, кеңсе алдын торуылдаумен күн өткізіп жүр.

Ақырыс Есенғожина, Мақат кентінің тұрғыны:

-1 млн.300 мың ішімді тесе ме деп, өзіме жаратармын, балаларым, немерелерім бар ғой деп, ай жақсы деп әкеліп тек бардым да, сандықты аштым да 150 мың, кілең онмыңдық алдым да, келе қойдым. Ана қыз қағып алды да қайқайды, Жанаргүл деген. Болды,биссімілла аллахуакбар.

Толқын Дәулетова, Мақат кентінің тұрғыны:

- Мен 15 мың теңгемен кірдім. Кіргенде артыңнан екі адам алып келесің деді. Жақсы екі адам алып келдім, жолдасымды және жиенімді әкелдім 15 000 теңгемен.  20 күнде 90 мыңдарың, бір айда 1млн 300 мың түседі деп айтты.

Ақшаларын қайтара алмай, шу шығарған жұртты сабырға шақырып Алматыдан аталған компанияның өкілдері де жетті. Сөздеріне сенсек, жергілікті әріптестері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Бұл компанияда жұмыс істегісі келген адам әуелі мынадай сағатты 150 000 теңгеге сатып алып, оны өзінің артынан ерген тағы екі адамға сатуы керек екен.

Ғалия Дәулетбаева, «G-TIME»  компаниясының өкілі:

- Интернет-бизнес. Ары қарай олар маркетингтік жоспар бойынша жұмыс жасау керек. Бір рет қана қаржы құйып, ары қарай адам тарту арқылы өзінің желісін құрады.Сол желісінің арқасында тауар айналымынан жарты миллион  немесе 100 000 алады. Бұл кісілер тауар айналымын жасамай, өздері келіп кіріп, енді түсініктері солай болған ғой. 150 берсек оларға қайдағы жарты миллион келіп түседі?

 «G-TIME» өкілінің сөзінен түсінгеніміз, ақшаны енді ешкім қайтарғалы отырған жоқ. Тауар сатылмай, әрі соңынан жүздеп адам тартпай жұртқа миллиондарды ешкім ұстатпақ емес. Сондықтан оңай олжалы боламыз деп алданған тұрғындарға сотқа шағымданудан басқа амал жоқ. Ал бар ақшасын «G-TIME-ға» ұстатқандардың саны тек Мақат ауданы бойынша 700 адамнан асып жығылады. 

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде