{metadescription}
Қазақстан Коммунистік партиясы атынан Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Ақмола облысында жүр
Қазақстан Коммунистік партиясы атынан Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Ақмола облысында жүр

Қазақстан Коммунистік партиясы атынан Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Ақмола облысында жүр

Әділетті әлеуметтік қоғам! Қазақстан Коммунистік халық партиясының алдағы сайлаудағы ұстанымы осындай. Партияның атынан президенттікке додаға түскен Тұрғын Сыздықов - өзін таныстыруды алдымен Ақмола облысынан бастады. Кандидат қазір Көкшетаудағы жұртпен жолығып, тұғырнамасын таныстырып жүр.

Сондай-ақ, партияның насихаттау жұмысы бүгін Алматы штабында да басталып кетті. Сыздықов жақтастарының жоспары орасан. Алдағы сайлауда халықтың 50 пайыз дауысын жинауға үмітті. Әзірге жиналған қол саны 100 мыңға таяу. Насихат шарасына шамамен 47 миллион теңге жұмсамақ. Оның 7 миллионы Орталық сайлау комиссиясынан түскен, қалғаны демеушілердің көмегі екен. Коммунистер әдеттегідей бірінші кезекте жұмыссыздықпен, азық-түлік бағасымен, жастар және қарттар ісімен айналыспақ ниетте.

Ернұр Бейсенбаев, Қазақстан Коммунистік халық партиясы Алматы штабының жетекшісі:

-Біздің үміткеріміз халық арасында танымал болмағанымен, өзіміздің партиямыздың ішінде өте адал, іскер адам. Осы кісінің талай жұмыстарын өзіміз де көргенбіз.Енді платформасына, тұғырнамасына келер болсақ, басты міндеттеріміздің бірі – елімізде жақсы әлеуметтік қоғам жасау.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.