{metadescription}
Мемлекет басшысы жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді
Мемлекет басшысы жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді

Мемлекет басшысы оңтүстіктегі сапарын Жамбыл облысында жалғастырды. Әулиеата жерінде Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, «Менің елім – Менің тағдырым!» атты республикалық форумға қатысты.

Бұл шара Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай ұйымдастырлған. Оған Талас өңірінде тұратын 87 этностың мүшесі мен қоғам қайраткерлері, саяси партия өкілдері сондай-ақ жалынды жастар қатысты. Жалпы саны үш мыңнан асатын жамбылдық қатысқан жиында ел бірлігі, ондағы тыныштық пен татулық турасында тағы да кеңінен сөз қозғалды. Елбасы өңірде атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесіне көңілі толатынын да айтты.

СНХ: Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жол салу, үй салу, мектеп, аурухана салу бағдарламасы. Барлығы бар. Барлығы қаражатпен қамтамасыз етілген. Енді мәселе жұмыс істеуде. Жергілікті жерлерде әсіресе. Жоспарды жүзеге асыратын халық болады. Ел болады. Әрқайсымыз еңбектеніп, осыны жасайтын болсақ еліміз жаңа деңгейге көшеді. Қазақстан 2050 жылдық биік белестеріне «Нұрлы жолмен» бірге бәріміз қадам басайық ағайын.

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.