{metadescription}
Елбасы Наурызды 9 күн қатарынан атап өтуді ұсынды
Елбасы Наурызды 9 күн қатарынан атап өтуді ұсынды

Елбасы Наурызды 9 күн қатарынан атап өтуді ұсынды

Наурыз мерекесі 9 күн тойлануы тиіс! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға сапары барысында мұндағы жұртшылықтың ұлыстың ұлы күнін атап өту үрдісіне риза болып, осындай бастама көтерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында осы сіздердің өңірде 9 күнге 9 атау беріп, әр күнді әз-Наурызға тән ізгі істерменен құптарлық бастама. Бұл барлық жерлерге таратуға жарайтын мәселе.

Шымкенттегі Наурыз алаңында Елбасы 4 мың студентпен бірге мерекелік шараны тамашалады. Ондағы қойылымдар халықтар достығы мен бейбітшілік жайында болды. Оңтүстік жұртшылығы алдағы сайлауда осы құндылықтар үшін дауыс беретіндерін білдірді. Қазір мұнда ел халқының 17 пайызы шоғырланған. Сондай-ақ еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірінде болған Президент оңтүстікте жеміс-жидек және көкөніс комбинаттарын одан әрі де көбейту керек деп тапсырма берді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.