{metadescription}
Шығыс Қазақстанда еріген қар суы аулаларды басып жатыр
Шығыс Қазақстанда еріген қар суы аулаларды басып жатыр

Шығыс Қазақстанда еріген қар суы аулаларды басып жатыр

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Еріген қар суы бірнеше елді-мекендегі жұртты әбігерге салуда.

Глуховка ауылындағы жолдар көлге айналған. Ауылдағы жұрт 3 күннен бері тізеден су кешіп жүр. Қора-қопсыдағы отынның бәрі жарамсыз болып қалған дейді тұрғындар. Қазірде құтқарушылар қолда бар техникамен суды сорғызып әлек. Мамандар «Егер ауылдықтар қарды дер кезінде шығарса, мұндай болмас еді»,- деп жұрттың өзін кінәлауда. Тұрғындар енді іргетастары қызыл суда тұрған баспаналары қирап қалады ма деген үрейде.

Анар Садырбаева, Глуховка ауылының тұрғыны:

- Су деңгейі көтеріліп келеді. Не істерімізді білмейміз. Ұйқыдан айырылдық. Ауылда су былайша көтеріліп көрмеген. Бірінші рет көріп тұрмыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде