{metadescription}
Түрмедегі қыз-келіншектер сұлулық байқауында бақ сынасты
Түрмедегі қыз-келіншектер сұлулық байқауында бақ сынасты

Түрмедегі қыз-келіншектер сұлулық байқауында бақ сынасты

Сотталған әйелдер түрме киімін кешкі көйлектерге ауыстырды. Шымкенттегі түзету мекемесінің бірінде сұлулық байқауы өтті. Осылайша, жазасын өтеп жатқан әйелдер жылына бір рет өздерінің нәзік жандар екенін сезініп, бар өнерлерін ортаға салды. Кісі өлтіріп, адам тонаған ханымдар арасындағы сән додасы жайлы келесі бейнематериалда.

Бұл байқау әдеттегі сұлулар сайысынан өзгерек. Мұндағы арулардың шаш қоюы мен бетін бояуға ешкім көмектеспеген. Көйлекті де өздері тігіпті. Бұл колонияда кісі өлтіріп, есірткі тасымалдаған 200-ден аса әйел осылайша жылына бір мезгіл өткен қателіктерін ұмытып, өзінің нәзік жан екенін сезінеді.

Мәнерлете өлең оқыған 25 жастағы Ардақ Баубекова мұнан соң подиумда өзінің ең әдемі екенін дәлелдеп бақты. Маңғыстауда адам өлтіргені үшін 19 жылға сотталған ол осымен үшінші жыл бағын сынап көруде.

Ардақ Баубекова, жазасын өтеуші:

-Ойлайды ғой енді осылай біз осы тар жерде отырсақ та, өзіміздің өнеріміз бар екенін, өзіміздің қолымыздан бірдеңе келетін екенін көрсетеміз. Осы мақсат.

Бұрын ине ұстап көрмеген кейбір келіншектер түрмеде ашылған курстарды тәмамдап, мекеме ішіндегі цехқа жұмысқа орналасыпты. Қазір тігіншілік үйірмесінде 50 әйел оқып жатыр.

Айдар Нұрсейітов, Шымкент қаласындағы 167/4 түзеу мекемесінің бастығы:

-Сотталғандардың арасында өздерінің атқару парақтары бойынша мемлекет пайдасына және жеке тұлғаларға да талап қарыздары болады. Соны өтеу мақсатында осы жұмыспен қамтылған азаматшалар еңбекақы алып, сол еңбекақысынан әрі қарай жаңағы талап қарыздарын өтеп жатады. Және талап қарыздары жоқ болса өздерінің жанұясына да қаражаттай көмек жасауға мүмкіндігі бар.

«Колония аруы - 2015» байқауынан қазылар жазасын өтеушілердің өтініші бойынша бикинимен шығу сайысын алып тастапты. Және 4 кезеңнен тұрған байқау қорытындысы бойынша ең әдемі деп 29 жастағы Елена Немолчанова танылды. Еркіндікте есірткі тасымалдаған ол бір жыл бұрын ғана сотталған екен. Бас жүлде алған оған плазмалық теледидар мен тәж бұйырса, қалған сылқымдар косметикалар жиынтығына ие болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде