{metadescription}
Атырау әуежайында ас-сусыз отырған ақтаулықтар айқай шығарды
Атырау әуежайында ас-сусыз отырған ақтаулықтар айқай шығарды

Атырау әуежайында ас-сусыз отырған ақтаулықтар айқай шығарды

Атырауда ас-сусыз сағаттап әуежайда отырған жолаушылар шу көтерді. Алматы мен Астанадан Ақтауға бет алған «Bek air» компаниясының қос ұшағы ауа-райының қолайсыздығынан діттеген жеріне жете алмай, Атырауға қонған екен. Бірақ әуе компаниясы жолаушыларын «әне-міне ұшамыз» деп алдап, жарты тәуліктен астам әуежайдан шығармапты. Тіпті, ыстық ас пен жатар орынды айтпағанда, қара су да бермеген.

Алматы мен Астанадан Ақтауға бағыт алған қос ұшақтың 200-ден астам жолаушысы Атырау әуежайында жіпсіз байлануға мәжбүр. Араларында ем алып қайтып келе жатқан мүгедектер, олимпиададан қайтқан мектеп оқушылары да бар. Ұшақтары Ақтауға қона алмауы себепті, кеше түскі 12 жарымда Атырауға келген жолаушыларды «Bek air» компаниясының өкілдері «бір сағаттан соң ұшамыз» деп сендіріпті.

Гүлмира Рахова, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Менің қасымда 10 бала бар. Байқауға апарып келе жатқан балаларым. Олар қазір сыртта «Газельде» отыр. Құлсарыға алып бара жатырмын мен енді оларды. Ал бұлар бізге мен осындай балалармен келе жатырмын, мені ертеңгі рейске ауыстырыңыз деп осынша сұрағанмын, бірақ ешқандай біз  жауап бермейміз, көмек бермейміз деп не беріп отыр.

Ақыры төзімдері таусылып, ашуға булыққан жолаушылар «Bek air-дің» осындағы өкіліне шүйлікті. Бірақ ол әуе компаниясының түк кінәсі жоқ екенін айтып, ақталумен болды.

Александр Ефремов, «Bek air» әуе компаниясының өкілі:

-Біздің ұшағымыз басқа қаланың әуежайына қонуға мәжбүр болды. Сондықтан ыстық тамақ та, жатар орын да берілмейді. Себебі, бұл ауа райына байланысты, әуе компаниясының кінәсі емес.

Осы сөзінен танбаған «бекэйрліктер» өз дегендерін орындап, жатар орын да, тамақ та, тіпті қара су да татырмастан жолаушыларды түнгі 2-ге дейін әуежайда ұстап, бір бөлігін өзге рейспен Ақтауға аттандырды.

Ал тағы бір бөлігі өз қаражаттарына қонақ үй жалдап, бүгін пойызбен үйлеріне қайтпақ. Көпшіліктің ендігі мақсаты – «Bek air-ді» жауапқа тартып, кеткен шығындарын қайтарып алу. Тіпті ол үшін әуежайда босқа отырмай, қол жинап, тиісті орындарға арыз дайындап да үлгеріпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде