{metadescription}
БҚО-да есірткіні сүт қорабына жасырған шетелдік ұсталды
БҚО-да есірткіні сүт қорабына жасырған шетелдік ұсталды

БҚО-да есірткіні сүт қорабына жасырған шетелдік ұсталды

Сүт орнына марихуана! Батыс Қазақстан облысында Алматы-Мәскеу пойызымен есірткі тасымалдаған Ресей азаматы ұсталды. Ол заңсыз тауарын кәдімгі сүттің қорабына салып өткізбек болған. Алайда, иісшіл иттер тетрапакеттердегі есірткіні бірден тапты.

Есірткі сүт қорабына салынбас бұрын, екі мүшеқаппен, сыртынан полиэтиленмен жақсылап оралыпты. Шекарашылар оның әрқайсысының ішінен 300 граммнан марихуана тәркіледі. Ал, стол үстінде жатқан 11 көк шардың ішінен түсі мен иісі жоқ сұйықтық шыққан. Болжам бойынша ол гераин болуы мүмкін. Десе де, оның химиялық құрамын сараптама анықтамақ. Ал, есірткі тасымалдаушы пойыздан түсіріліп, полицейлерге тапсырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.