{metadescription}
Ақмола облысында пайын даулаған шаруалар әкімдікке басып кірді
Ақмола облысында пайын даулаған шаруалар әкімдікке басып кірді

Ақмола облысында пайын даулаған шаруалар әкімдікке басып кірді

Ақмола облысында көктем шыққалы тағы егістік дауы өрши түсті. Атышулы «АгроцентрАстана» серіктестігінен жерлерін қайтарып алу үшін 5 ауылдың тұрғындары 1 жылдан бері соттасып жүр. Айтуларынша, бұл шаруашылық 17 жыл бойы астық сеуіп, пайдасын өздері көргені болмаса, жұртқа түк татырмапты. Енді ашынған тұрғындар биыл егістікке аталмыш ұйымның бір комбайнын кіргізбейміз, -деп бекініп отыр.

Астанада отырып басқарылатын серіктестік басшыларымен енді Сандықтаудағы 5 ауыл бірігіп күреспек. Мақсат біреу: осыдан 17 жыл бұрын жұрттан жалға алған жерді қайтару. Өйткені шаруашылық тұрғындарды тиісті үлесінен қағып келген. Жерді бұлардың рұқсатынсыз банкке кепілдікке қойып, қыруар ақша алыпты.

Надежда Торнакина, Сандықтау ауданының тұрғыны:

-Соңғы қорытынды қаулыға аудан әкімі қол қоюы керек еді. Жерді шаруашылықтан сот арқылы алдық. Енді бізге ары қарай әрекет ету үшін рұқсат керек. Қанша күттік, қол қоятын емес.

Иван Кукишен, Сандықтау ауданының тұрғыны:

-Романовка ауылының өзіне 6 мың гектар егіс себеді. Ал біздің үлесіміз - қырмандағы бидай қалдығы. Жетер, енді алқапқа аттап бастырмаймыз!

Осылай деп ашынған жұрт аудан әкімдігі ғимтаратына кіріп, отырып алды. Бүгін қалай да қаулыға қол қойдырмақшы.

- Қол қоймай кетпейміз.

- Отырыңдар ал, түбі қоймаймын.

«Агроцентр Астана» тек Сандықтау ауданында ғана 56 мың гектар алқапқа астық себеді. Ал пайдасын тек өздері көріп келген. Атқарушы директоры тұрғындармен де, тілшілермен де тілдесуден бас тартты. Сенім артып отырған аудан атқамінерлерінен де қайыр болмайтын сыңайлы.

Ербол Сағдиев, Сандықтау ауданының әкімі:

Агроцентр Астана» да жер мәселесіне қатысты заң жүзінде өз талабын қойып отыр. Соңына дейін соттасамыз дейді. Олардың жарғысына сәйкес келіспеушіліктер туындаған. Мен де заңнан аттай алмаймын.

Бірер аптада соң егін себу науқаны басталады. Сондықтан тұрғындар жерлерін сенімді шаруашылыққа алып берудің амалдарын қарастырып жатыр. Ал «Агроцентр Астананы» егістік маңына да жуытпаймыз, -дейді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.