{metadescription}
Алматыда бірнеше отбасы алаяқтарға сеніп баспанасыз қалды
Алматыда бірнеше отбасы алаяқтарға сеніп баспанасыз қалды

Алматыда бірнеше отбасы алаяқтарға сеніп баспанасыз қалды

Алаяқтардың арбауына түскендер. Алматыда он шақты отбасы жалған риэлторларға сеніп, баспанасыз қалды. Алдымен аңғал жұрттың сеніміне кіріп, артынан тақырға отырғызатын әйелдерді полиция да ұстай алмай жүр. Айдың-күннің аманында далада қалған тұрғындар мұңын кімге айтарын білмейді.

Ольга Терноваяның өз үйін өгейсіп кеткеніне жылдан асқан. Қазір оған кіру былай тұрсын, есігіне жақындауға қорқады. Себебі, үйдің жаңа иесі бар. Әке-шешесінен қалған жалғыз баспанасынан Ольга ойда-жоқта айрылған.

Ольга Терновая:

-Бүкіл өмірім осы үйде өтті. Әке-шешемнен мұраға қалған баспанамды өз атыма аударайын деп жүрген едім. Бір күні Злата Сергиенко деген сыған әйел пайда бола кетті. Нотариусқа барып, қалай қол қойғанымды да білмеймін. Кепілге қойып көп ақша аламыз деп алдады.

Сенген Сергиенкосы үйді басқа біреуге сатып жіберген екен. Сыған әйелдің бұл сұмдығын Ольга кейін, жеке сот орындаушылары келіп үйден қуып шыққанда бір-ақ біліпті. Ольга сияқты қазір алданған 10 отбасы полиция есігін жағалап жүр. Бүгін барлығы Златаны үйіне іздеп барғанымен, тағы құр қайтты.

Сыған әйел жалғыз әрекет етпеген екен. Мына кісілер сол Сергиенконың сыбайластарына алданғандар. Жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі әрі жасы ұлғайған жандардың ендігі үміті полицияда. Сыбайластарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу салынған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Сергиенко Злата деген азаматша бірнеше адамды алдап-арбау арқылы олардың мүліктерін иемденген. Бұл факті тергеу барысында дәлелденген болатын. Тергеу барысында мәлім болғандай, аталмыш фактілер Алматы облысының бірнеше аудандарында да орын алған екен.

Алаяқтардың арбауына түскен 8 бірдей отбасы былтырдан үйлерінің жаңа қожайындарымен соттасып жүр. Ал, бүкіл былықты бастаған Злата Сергиенко мен оның сыбайластарына полиция іздеу салса да әлі күнге ұстай алмапты. Бірақ тұрғындар қалай да өз үйімізді қайтарып аламыз деп бекініп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.