{metadescription}
Серік Ахметов өзіне тағылған айыппен танысып үлгермей жатыр
Серік Ахметов өзіне тағылған айыппен танысып үлгермей жатыр

Серік Ахметов өзіне тағылған айыппен танысып үлгермей жатыр

Серік Ахметовтың үйқамақта отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылды. 150 томдық қылмыстық іспен танысып шығуға оған 18-ші мамырға дейін уақыт беріліп отыр.

Экс-премьерге аса ірі көлемде пара алды, мемлекет мүлігін талан таражға салды және лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылған. Бұл қылмыстың барлығын Ахметов Қарағанды облысы әкімі қызметінде болғанда жасапты. Яғни Индустриялық парктің кәріз жүйесінің құрлысына бөлінген мемлекеттің миллиардтарына ауыз салған. Жең ұшынан жалғасқан қылмысқа қатысы бар тағы 20 шақты шенді қазір тергеу абақтысында отыр. Олардың арасында Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов және Индустриялық парктің бұрынғы басшыcы Анатолий Ессе бар. Олар да, ішінде өздерінің аттары бар сол 150 томдық іспен танысуда.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде