{metadescription}
СҚО-да болашақ спортшылар ауруханадан бір шықты
СҚО-да болашақ спортшылар ауруханадан бір шықты

СҚО-да болашақ спортшылар ауруханадан бір шықты

Солтүстік Қазақстан облысында 5 бала «менингит жұқтырды»  деген күдікпен ауруханаға түсті. Барлығы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері. Әзірге екеуінің диагнозы расталған.

Алдымен интернат дәрігеріне қызуы көтеріліп, құса бастаған 7-ші сынып оқушысы қаралыпты. Маман бірден менингиттің белгілерін байқап, жедел жәрдем шақырған. Ал араға екі күн салып дәл осындай шағыммен жұқпалы аурулар бөлімшесіне тағы 4 бала түсті. Олардың да біреуінің ауру жұқтырғаны анықталды. Ал үшеуінен алынған сынамалардың нәтижесі әлі дайын болмаса да, мамандар клиникалық белгілеріне қарап «менингит болуы мүмкін» деп отыр. Науқастар бір сыныпта оқып, бір бөлмеде тұрған. Қазір санитарлар интернаттағы барлық тәрбиленушілер мен қызметкерлерді тексеріп жатыр.

Руслан Тасов,  Петропавл қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Балалардың алдағы жағдайын дөп басып айту қиын. Бұл аурудың түрлі салдары болады. Әзірге олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ең бастысы, балалар дер кезінде жеткізілген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.