{metadescription}
Астанада дәрігерлер мен студенттер жаппай астан ұшынды
Астанада дәрігерлер мен студенттер жаппай астан ұшынды

Астанада дәрігерлер мен студенттер жаппай астан ұшынды

Астанада дәрігерлер жаппай астан ұшынды. №2 балалар ауруханасының қызметкерлері жұмыстағы дәмханадан тамақтанып шыққан соң өздерін жайсыз сезіне бастаған. Сөйтіп дәрігерлер әріптестерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Гүлраушан Сапарбек, Жұқпалы аурулар ауруханасыныңдәрігері:

-Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына  27  науқас қаралып, оның 21-і  жатқызылды. Қазір олардың қойылған алдын-ала  диагнозы «сальмонеллез» .  Жағдайлары орташа және қанағаттанарлық.

Астан ұшынғандардың басым бөлігі №2 балалар ауруханасының дәрігерлері мен медициналық академияның студенттері. Арасында Қарағандыдан емделуге келген 4 жастағы бала мен оның ата-анасы да бар. Науқастардың айтуынша, сол күні самса, ботқа мен татуық етін жеген. Қазір аурухана ішіндегі асхана жабық тұр. Онда СЭС қызметкерлері мен прокурорлар тағамдарды жіті тексеруде. Жұқпалы індет асхана қызметкерінен немесе азық-түліктен тарауы мүмкін. Егер екі жылдан бері жұмыс істеп келген кәсіпкердің кінәсі анықталса, ол ірі көлемде айыппұл төлеуі тиіс. Ал аурухана басшылығы науқас балалардың бұл асханадан тамақтанбағанын айтып сендіріп отыр.

Асылжан Ерекешев, №2 балалар ауруханасының  бас дәрігерінің орынбасары:

-Бірден айтайын, осы асхана мен балаларды тамақтандыратын асхана бөлек. Екеуі бір-біріне қарым-қатынасы жоқ компаниялармен тамақтандырылады. Сондықтан балалардың ешқайсында шағымдар жоқ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде