{metadescription}
Назарбаев қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынды
Назарбаев қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынды

Назарбаев қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынды

Құшақ жая қарсы алған қазаққа барлығы қарыздар! Бүгін президент елдегі этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынды. Себебі қуғындалып, елімізге айдалған жүздеген ұлт қазақтардан қамқорлық көрді. Тіпті Назарбаев сондай отбасылардың бірі бала-шағасымен кезінде өз шаңырағында тұрғанын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысқан Елбасы мектеп мен жоғарғы оқу орындарын үш тілге ауыстыруға  да пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазақстан мәдениеті,  әдебиеті , тарихы, қазақша оқытылуы тиіс. Жартылыстану ағылшынша, ал  орыс тілі пән ретінде қалуы тиіс. Ал соңғы сыныптағылар ағылшын сыныбына түгел көшуі керек. Кезінде малайлар солай істеген.

Осылай деген президент Білім министрлігіне арнайы бағдарлама жасап,  оқушылар мен студенттерді қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқытуға көшіруді міндеттеді. Сонымен қатар ұлтаралық радикализм мен діни алауыздықтың өршуіне қатал тосқауыл қоюды тапсырды. Жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айта келе, Елбасы полицейлерді келеке қылатын сериалдарды сынап отансүйгіштікті нығайтатын жаңа жобаларды қолға алу керектігін айтты. Арандатуға ермей, ішкі бірлікті сақтауға шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі дем берді ме, бүгін мінбеген шығып сөй сөйлегендер мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайтындарын айтып ағынан жарылды.

Ұлданай Әлімбаева, көп балалы ана:

-Елімізде  8 миллион әйел бар екені айтылды жаңа.  Олардың әрқайсысы 10 бала тапса. Құрметті Елбасы жігіттер жағдай жасаса,қыздар қолдайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сол жағы қиын боп тұр ма? Кезінде көп отбасылар көшіп кетті. Азайып қалдық. Құдайға шүкір енді  20 миллионға жетсек дейсіз. Жеткіземіз. Сіздердің арқаларыңызда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.