{metadescription}
Сайлауда жеңіске жеткен Назарбаев теңге құлдырамайды деп уәде етті
Сайлауда жеңіске жеткен Назарбаев теңге құлдырамайды деп уәде етті

Сайлауда жеңіске жеткен Назарбаев теңге құлдырамайды деп уәде етті

Ал осымен бесінші рет президент тағын талассыз жеңіп алған Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәлімдеме жасап, елде девальция болмайды деп уәде берді! Теңгенің құлдырауына еш себеп жоқ деген Елбасы ерекше қолдауды сезініп көзіне жас алғанын да айтты. Сенім білдірген халқына алғыс айтқан Назарбаев бүгін ең бірінші кезекте қандай шаруаны қолға алатынын мәлімдеді.

Астанада түннен басталған той таңда жалғасын тапты. «Сарыарқа» велотрек кешенінде ине шаншар орын жоқ. «Нұр Отанның» саяси элитасы, жастар, спортшы, әнші, жалпы мыңдаған адам бар қошеметін бәйгені шаппай алған жеңімпаздарына арнап жатыр.

-Нұрсұлтан, Қазақстан! Нұрсұлтан, Қазақстан!

Қызыл кілемнің үстімен жүріп өткен жаңадан сайланған президент тым толқулы. Мұндай саяси додадан аты осымен бесінші рет озса да, бәрін алғашқы жеңісіндей қабылдайды. Сондықтан кеше сайлау учаскелерінде бала-шағасымен сағаттап кезекке тұрып, өзіне дауыс берген адамдарды көргенде көзіне жас алғанын жасырған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ең бірінші алғысым халқыма. Осы жылдардың барлығында қолдап, менің артымнан еріп, қолыма тізгінді беріп, сеніп, енді осындай жаппай сенімді орындау мен үшін қәдірменді міндет. Сол сенімді ақтау үшін өзімнің күшімді, денсаулығымды, білімімді, тәжірбиемді аямаймын деп ант бергем. Сол антымды орындап келе жатырмын.

Ал мінберге шығып сөз сөйлегендер де арқаланып кетті. Тіпті   Елбасының жеңісін шаршы алаңда қарсыласын жуан жұдырығымен сұлатқан  боксшыға теңеді.

Серік Сәпиев, Бокстан олимпиада чемпионы:

-Бүгін жеңіс күні.  Сайлау кезінде , бірінші раундтта-ақ, қарсыластарыңызды нокаутқа жібердіңіз.

Қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермеген Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды жоспарларын іске асыруға кірісіп те кетті. Бүгін отандық және шетел тілшілеріне сұхбат берген президент алдағы 5 жылда немен айналысатынын жіпке тізіп берді. Алдымен Елбасы халықты ойлайтын  жемқорлықтан ада мемлекеттік аппарат құрып байға да кедейге ортақ заң мен әділ сот орнатуды қолға алмақ. Бұл екі шаруаны ауыртпалығы көп реформа деп атаған мемлекет басшысы Ақорда көпвекторлы саясатын жалғастыра беретінін де мәлімдеді. Мұны әрі халық та қолдап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Менің айтып жүрген саясатым елдің бірлігі көпэтностық Қазақстанның бірлігі, елдің ішіндегі тыныштық,экономиканың өркендеп, әлеуметтік тұрмысының жақсаруы. Жүргізіп жатқан сыртқы саясатты қолдады сайлау кезінде жұрт. Бөліну емес бірігу саясаты бұл. Ішкі сыртқы саясатымыз өзгермейді, осы жолменен жүре береміз.

Әлемде геосаяси жағдайдың ушығуына қарамастан Елбасы Қазақстанда дағдарыс жоқ деді. Осы жерде сайлаудан кейін теңге қайта құлдырайды деп даурығып жүргендерді сабасына түсірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сайлаудан кейін күрт ештеңе болмайды. Қалай жұмыс істедік, солай жұмыс істейміз. Ешқандай алғышарт жоқ, мен бұған дейін де ескерткенмін, егер бірдеңе ұйғарылса, өзім айтамын. Ресей рубліне байланысты тұрақсыздық болды, қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, тұрақты ешқандай жоспар күтіліп отырған жоқ.Тағы бір мәселе - біз еркін құбылмалы теңге бағамымен жұмыс істеп жатырмыз - нысаналау, бірақ бұл күрделі мәселе, біз оны Халықаралық валюта қорымен шешіп жатырмыз, ол 5 жылдан бұрын орындалмайды.

Осылай деп халықтың көңілін орнына түсірген Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтау қабылдап үлгере алмай жатыр. Ақордадағы қызметтік телефонына да тыным жоқ. Осы уақытқа дейін сайлаудағы жеңісімен Елбасын  Ресей, Беларусь,Әзірбайжан, Қырғызстан президенттері, сондай-ақ, Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы құттықтап қоңырау шалған.  Ақ тілектер телефон арқылы ғана емес, жедел хаттармен де  Ақордаға  әлі үйіліп келіп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде